Санақ персоналын қабылдау жөніндегі хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ, Қызылорда облысында ауыл шаруашылық санағын өткізу үшін санақ персоналын қабылдау туралы хабарлайды:
1. Қызылорда қаласы – 24 бірлік
2. Арал ауданы – 28бірлік
3. Жалағаш ауданы – 12 бірлік
4. Жаңақорған ауданы – 28 бірлік
5. Қазалы ауданы – 29 бірлік
6. Қармақшы ауданы – 19 бірлік
7. Сырдария ауданы – 14 бірлік
8. Шиелі ауданы – 31 бірлік
Жұмыс мерзімі: 2025 жылдың 20 қыркүйегінен 20 қазанына дейін
Негізгі функциялар: Үй шаруашылықтары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, бекітілген санақ учаскесінде планшетте электронды түрде ауыл шаруашылық санағын жүргізу, санақ объектілерінің тізімдерімен, картографиялық материалдармен санақ объектілерінің барлығын тексеру.
Кәсіптік білім денгейі: жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, орта білім жұмыс өтілі бойынша талаптарды қоюсыз.
Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар: талдамалық пайымдау, командада жұмыс істеу, қарым-қатынас құру, ауызша және жазбаша коммуникация, жауапкершілік, әдептілік нормаларын ұстану, әдістемені игеру, нормативтілік, нәтижеге бағдарлану.
Сұхбаттасуға қатысу үшін түйіндемелер 2025 жылғы 19 қыркүйекке дейін a.shokbarov@aspire.gov.kz электрондық мекенжайға қабылданады.
Мекежайымыз: Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі 12
Анықтама үшін телефон 8 (7242) 26-43-46.