Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті 2025 жылдың 2 маусымынан бастап Қазалы ауданы бойынша (2 адам) халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеулерге интервьюер қабылдайтынын хабарлайды (өтелмелі қызмет көрсету келісім бойынша).
Әңгімелесу: 2025 жылғы 29 мамырда
Қойылатын талаптар:
-жоғарғы және орта кәсіптіқ білім
-зерттеулердегі жұмыс өтілі
-жауапкершілік
Лауазымдық міндеттері:
- респонденттерге тікелей (жеке) бару арқылы және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру жолымен зерттеуді жүзеге асыру;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға: Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі, 12, № 32 кабинетке хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7242)27-47-81, факс: (8-7242) 27-45-23, электрондық мекенжайы: i.nagymanova@aspire.gov.kz