Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қызылорда облысы
Хабарландырулар
22.05.2024
Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары!

2024 жылдың 21 мамыр - 8 маусым аралығында Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департаменті) қызметкерлері 2024 жылғы 1 қыркүйек пен 30 қараша аралығында жүргізілетін «Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу» үшін мекенжайлар тізімін құру мақсатында үй-үйді аралайды. 

Жоба сенімді деректер жинау және талдау арқылы әйелдер мен балалардың құқықтарын қолдау салаларын кеңейту мақсатында БҰҰ-ның Қазақстандағы ЮНИСЕФ балалар қорының өкілдігімен серіктестікте жүзеге асырылады.

Аралау кезінде, Департамент өкілі үй шаруашылығы басшысының атын, тұрғынжайда қанша үй шаруашылығы бар екенін және негізгі сауалнама кезінде, яғни 1 қыркүйек - 30 қараша аралығында олардың сол жерде тұратынын не тұрмайтынын нақтылайды. 

Департамент деректердің құпиялылығын сақтауға және оларды қатаң түрде тек статистикалық мақсатта пайдаланылуына кепілдік береді. 

Үй-үйді аралау Қызылорда қаласы мен  облыс аудандарында жүргізіледі. 

 

Онлайн кеңесші