Хабарландыру
Құрметті респонденттер!
29.01.2026ж
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша статистика департаменті 29.01.2026ж сағат 11.00 «Есептіліктерді дұрыс толтырып тапсыру бойынша және әдістемелік нұсқаулықтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында» семинар өткізеді. 1-П (тоқсандық) «Кәсіпорынның өнім (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) өндіру туралы есебі», 1-П (жылдық) «Өнім (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) өндіру, жөнелту және өндірістік қуаттар теңгерімі туралы есебі», 2-ТП (ауа) (жылдық) «Атмосфералық ауаны қорғау туралы есеп»,
4-ОС (жылдық) «Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар туралы»,
1-қалдықтар (жылдық) «Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару туралы»,
2-қалдықтар (жылдық) «Қалдықтарды қайта өңдеу, сорттау, кәдеге жарату және қөму туралы есеп» есептер бойынша.
Кәсіпорындардың осы нысандарға жауапты мамандары шақырылады.
Семинарға қосылу үшін алдын ала мына байланыс нөміріне хабарласуыңыз қажет: 8/7242/27-46-04.
(Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлімі)