Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Цель 8. Достойна работа и экономический рост
Мақсат 8. Барлығы үшін алға бағытталған, ауқымды және тұрақты экономикалық өсуге, толық және өнімді жұмысбастылыққа және лайықты жұмысқа жәрдемдесу
8.1 Халықтың жан басына шаққандағы экономикалық өсімді ұлттық жағдайларға сәйкес және атап айтқанда, ең аз дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің өсімін жылына кем дегенде 7 пайыз деңгейінде қолдау
8.1.1 Халықтың жан басына шаққандағы нақты ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсу қарқыны
8.2 Әртараптандыру, техникалық жетілдіру және инновациялық қызмет арқылы, соның ішінде жоғары қосылған құны бар секторларға және еңбекті көп қажетсінетін секторларға айрықша назар аудару арқылы экономикада өнімділіктің жоғарылауына қол жеткізу
8.2.1 Әрбір жұмыспен қамтылғанға нақты ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсу қарқыны
8.3 Өндірістік қызметке, лайықты жұмыс орындарын құруға, кәсіпкерлікке, шығармашылыққа және инновациялық қызметке ықпал ететін дамуға бейімделген саясатты жүргізуге жәрдемдесу және қаржылық қызметтерге қолжетімділікті ұсыну арқылы микро, шағын және орта кәсіпорындардың ресми танылуы мен дамуын көтермелеу
8.3.1 Сектор және жынысы бойынша бөліністегі жалпы жұмыспен қамтылғандардан бейресми жұмыспен қамтылғандардың үлесі
8.3.1.1 Жұмыспен қамтылғандардың жалпы санындағы өнімсіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі
8.4 2030 жылдың аяғына дейінгі бүкіл мерзім барысында ресурстарды тұтыну және өндіріс жүйелерінде ғаламдық пайдалану тиімділігін біртіндеп арттыру және Тұтыну мен өндірістің тиімді үлгілерін пайдалануға көшу бойынша іс-қимылдардың он жылдық стратегиясында қарастырылатындай, экономикалық өсім қоршаған орта жағдайының нашарлауымен тұспа-тұс келмеуіне ұмтылу керек, осы тұста мұны ең бірінші дамыған елдер қолға алуы тиіс
8.4.1 Бір адамға шаққандағы және ЖІӨ қатысты пайыздық қатынас бойынша бірлескен ресурс шығыны және ресурс шығыны
8.4.2 Бір адамға шаққандағы және ЖІӨ пайыздық қатынаста бірлескен ішкі материалдық тұтыныс және ішкі материалдық тұтыныс
8.5 2030 жылға қарай барлық әйелдер мен ерлерді, соның ішінде жастар мен мүгедектерді де толық және өнімді кәсіппен және лайықты жұмыспен және теңдей бағалы еңбек үшін бірдей жалақымен қамтамасыз ету
8.5.1 Жынысы, жасы және жұмыс түрі, сондай-ақ мүгедектік белгілері бойынша бөліністе жұмыскерлердің орташа сағаттық жалақысы
8.5.2 Жынысы, жасы және мүгедектік белгісі бойынша бөліністегі жұмыссыздық деңгейі
8.6 2020 жылға қарай жұмыс істемейтін, білім оқымайтын және кәсіби дағдыларды үйренбейтін жастардың үлесін едәуір қысқарту
8.6.1 Оқымайтын, жұмыс істемейтін және кәсіби дағдыларды үйренбейтін жастар (15-тен 24 жасқа дейін) үлесі
8.7 Мәжбүрлеп еңбек еткізуді, заманауи құлдықпен адам саудасын тамырымен жою үшін шұғыл әрі тиімді шаралар қолдану және жалдау және балаларды әскерге пайдалануды қоса алғандағы балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу мен жоюды қамтамасыз ету, ал 2025 жылға қарай балалар еңбегінің барлық нысандарын жою
8.7.1 Жынысы мен жасы бойынша бөліністе бала еңбегімен қамтылған 5 жастан бастап 17 жасқа дейінгі балалар үлесі мен саны
8.8 Еңбек құқықтарын қорғау және еңбек-мигранттарын, әсіресе әйел-мигранттарды және тұрақты кәсібі жоқ адамдарды қосқандағы барлық еңбек етушілер үшін сенімді әрі қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз етуге жәрдемдесу
8.8.1 Жынысы және көші-қон мәртебесі бойынша бөліністе нәтижесі өлімге әкелетін және әкелмейтін 100 000 жұмыскерге шаққандағы өндірістік жарақаттану деңгейі
8.8.2 Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) құжаттамалық көздері және ұлттық заңнама негізінде жынысы мен көші-қон мәртебесі бойынша бөліністе, мемлекеттің еңбек құқықтарын (бірлестіктер бостандықтары мен ұжымдық еңбек шарттарын жасасу) сақтау деңгейі
8.9 2030 жылға қарай жұмыс орындарын құруға, жергілікті мәдениеттің дамуына және жергілікті өнімдерді шығаруға ықпалын тигізетін орнықты туризмді көтермелеу стратегияларын әзірлеуді және жүзеге асыруды қамтамасыз ету
8.9.1 Туризмнің жиынтық ЖІӨ-ге және өсу қарқынына тікелей үлесі
8.9.1.1 Тікелей туризмде құрылатын ЖҚҚ НКИ
8.10 Ұлттық қаржылық мекемелердің қабілеттілігін күшейту және барлығына бірдей банктік, сақтандыру және қаржылық қызметтерге қолжетімділікті көтермелеу және кеңейту
8.10.1 a) 100 000 ересек адамға коммерциялық банк филиалдарының және b) 100 000 ересек адамға арналған банкоматтар саны
8.10.2 Банкте немесе өзге де қаржылық мекемеде шоты бар немесе мобильді қаржылық қызмет операторлары көрсететін қызметтерді пайдаланатын ересектер үлесі (15 жас және одан үлкен)
8.a «Саудаға көмек» бастамасының аясында көрсетілетін дамушы елдерге, әсіресе ең аз дамыған елдерге қолдау көрсетуді, соның ішінде Сауда саласында ең аз дамыған елдерге техникалық көмек көрсету үшін Кеңейтілген кешенді негіздемелік бағдарлама бағыты бойынша қолдау көрсетуді ұлғайту
8.a.1 «Саудаға көмек» бастамасы шеңберіндегі міндеттемелер мен төлемдер көлемі
8.b 2020 жылға дейін жастарды жұмыспен қамту ғаламдық стратегиясын даярлау және қолданысқа енгізу және Халықаралық еңбек ұйымының жұмыс орындары туралы Ғаламдық келісімді жүзеге асыру
8.b.1 Жеке стратегия ретінде немесе жұмыспен қамту саласындағы ұлттық стратегия аясында әзірленген және жүзеге асырылатын жастарды жұмыспен қамту ұлттық стратегиясының болуы
Онлайн кеңесші