Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    6197 адам
    2026 жылғы қаңтар-наурызда елге келгендер саны 6197 адамды, елден кеткендер саны 989 адамды құрады. Көші-қон айырымы 5208 адамды құрады;
    25,9%
    2025 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 25,9%-ға көбейді, Қазақстаннан кеткендер саны -11,9%-ға азайды;
    71,4%
    Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүреді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 71,4%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 57,6% құрады.

    2025 жылымен тиісті кезеңмен салыстырғанда ел ішінде көшіп келушілер саны 11,6% өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Астана (18153 адам), Алматы (4841 адам), Шымкент (3588 адам) қалаларында және Алматы обласында (5248 адам) халықтың көші-қонының оң айырымы қалыптасты.

    Динамикалық кестелер
    Жылдар бойынша:
    Айлар бойынша:
    Глоссарий

    Халықтың көші-қоны – тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы;

    Келгендер саны – есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіп келгенадамдар саны;

    Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны;

    Көші-қон айырымы - есепті кезеңде өңірге көшіп келгендер саны мен одан көшіп кеткендердің саны арасындағы айырмашылық.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болсаөңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.

    Ағымдағы статистикалық есепте шартты түрде келгендер мен кеткендердің саны жазылады, алайда мұнда келу және кету сандары туралы айтылып отыр.

    Көші-қонның негізгі көрсеткіштері:
    келгендер саны (келу);
    кеткендер саны (кету);
    көші-қон өсімі (немесе кемуі), көші-қон сальдосы, таза көші-қон.

    Көші-қон қарқындылығының көрсеткіштері белгілі бір кезеңдегі халықтың жиынтығында тұрғылықты жерінің өзгеру жағдайларының жиілігін сипаттайды. Көші-қон қарқындылығының жалпы жылдық коэффициенттері көбінесе 1000 тұрғынға шаққанда қолданылады.


    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Д. Карабекова
    Тел. +7 7172 749805
    E-mail: d.karabekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қ.
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үй, 4 кіреберіс