Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    136 693 318,3 млн.
    2024 жылғы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі (нақтыланған деректер бойынша) 136693318,3 млн.теңгені құрады.
    5%
    ЖІӨ өткен жылмен салыстырғанда нақты мәнде 5%-ға өсті.
    14,8%
    Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) жоғары өсім қарқыны Жетісу (14,8%), Солтүстік Қазақстан (13,7%), Ұлытау (10,7%) және Түркістан (10,4%) облыстарында байқалды.
    Өңірлер бөлінісіндегі ЖІӨ құрылымы

    2024 жылы ЖІӨ құрылымындағы ең жоғарғы үлесті Алматы қаласы (22,9%), Астана қаласы (11%) және Атырау облысы (11%) алды.

    2024 жылғы өңірлер бөлінісіндегі жалпы ішкі өнім (ЖӨӨ)
    Жалпы өңірлік өнім
    млн.теңге өңірлердің ЖІӨ-дегі үлес салмағы, пайызбен нақты көлем индексі, өткен жылға пайызбен жан басына шаққандағы ЖӨӨ,
    мың теңге
    жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің орналасу тәртібі
    Қазақстан Республикасы 136 693 318,3 100,0 105,0 6 780,9
    Абай 3 248 624,0 2,4 105,7 5 367,8 11
    Ақмола 4 200 170,2 3,1 109,0 5 332,7 12
    Ақтөбе 4 960 038,0 3,6 105,6 5 251,7 13
    Алматы 6 040 608,6 4,4 104,8 3 908,1 15
    Атырау 14 981 586,3 11,0 93,6 21 177,5 1
    Батыс Қазақстан 4 722 419,0 3,5 104,2 6 798,5 8
    Жамбыл 3 150 409,7 2,3 104,1 2 577,0 19
    Жетісу 2 227 944,1 1,6 114,8 3 200,4 18
    Қарағанды 9 059 477,4 6,6 108,8 7 984,4 5
    Қостанай 4 969 559,1 3,6 108,3 6 003,5 10
    Қызылорда 3 073 851,3 2,2 108,1 3 641,9 17
    Маңғыстау 5 005 139,0 3,7 101,7 6 287,9 9
    Павлодар 5 150 822,2 3,8 105,0 6 845,2 7
    Солтүстік Қазақстан 2 621 212,1 1,9 113,7 4 982,1 14
    Түркістан 4 673 463,8 3,4 110,4 2 175,6 20
    Ұлытау 2 487 597,6 1,8 110,7 11 233,9 3
    Шығыс Қазақстан 5 035 142,0 3,7 105,9 6 940,1 6
    Астана қаласы 15 051 922,0 11,0 105,4 10 174,3 4
    Алматы қаласы 31 294 466,7 22,9 107,6 13 844,9 2
    Шымкент қаласы 4 738 865,2 3,5 104,4 3 824,4 16

    2024 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 6780,9 мың теңгені құрады. Өңірлер бөлінісінде бастапқы қатарды Атырау облысы (21177,5 мың теңге), Алматы қаласы (13844,9 мың теңге), Ұлытау облысы (11233,9 мың теңге), Астана қаласы (10174,3 мың теңге) алды және де соңғы қатарларды Түркістан (2175,6 мың теңге), Жамбыл (2577,0 мың теңге) және Жетісу (3200,4 мың теңге) облыстары алды.

    2024 жылғы өңірлер бөлінісіндегі жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (жан басына шаққандағы ЖӨӨ)
    мың теңге
    2024 жыл

    ЖІӨ-нің өсуіне ең үлкен үлесті Алматы қаласы (1,61 п.т.), Астана қаласы (0,59 п.т.) және Қарағанды облысы (0,57 п.т.) қосты. Ең аз үлес Атырау облысында (-0,82 п.т.) байқалады.

    Глоссарий

    Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ)– белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және нарықтық бағамен есептелетін жекелеген өңірдің резидент-өндіруші бірліктерінің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.

    Жалпы қосылған құн- экономиканың жекеленген өндірушілері, салалары немесе секторлары енгізген ЖІӨ-ге қосатын үлестің көрсеткіші ретінде қызмет ететін аралық тұтыну құнын шегергендегі жалпы өнімнің құны.

    Жалпы шығарылым- есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну -өндіріс процесінде түрленетін немесе түгелдей тұтынылатын тауарлар мен қызметтердің құны.

    Қосқан үлесі – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынатын салықтарға мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет құнына тікелей байланысты салықтар жатады.

    Бақыланбайтын экономика

    2024 жылы бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-гі үлесі 16,71%-ды құрады және өткен жылмен салыстырғанда 0,87%-ға қысқарды.

    Бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі ең көп үлесі Алматы қаласында (3,92%), Астана қаласында (2,07%) және Қарағанды облысында (1,05%), ең аз үлесі Ұлытау (0,16%), Солтүстік-Қазақстан (0,30%) және Абай (0,37%) облыстарында байқалады.

    Динамикалық кестелер:
    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Жалпы өңірлік өнім - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір өңірдің түпкілікті тауарлары мен қызметтерінің құнын білдіреді. ЖӨӨ өндіріс әдісімен есептеледі және экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы қосылған құнының сомасын білдіреді және таза салықтарды қамтиды. ЖӨӨ сомасы Жалпы ішкі өнімге тең болуы тиіс.

    Пайдалы сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    Ж.Қ.Сүлейменова,
    Ә.Б. Қабылбекова,
    Н.Ш. Тастан
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: zh.suleimenova@aspire.gov.kz, a.kabylbekova@aspire.gov.kz,
    n.tastan@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел көшесі, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші