Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    29 663 100,3 млн. теңге
    2025 жылғы қаңтар-наурыздағы Жалпы ішкі өнім көлемі түпкілікті тұтыну әдісімен 29663100,3 млн.теңгені құрады.
    5,6%
    Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ нақты мәнде 5,6%-ға өсті.
    30 467 333,7 млн. теңге
    2025 жылғы қаңтар-наурыздағы ЖІӨ өндіріс әдісімен 30467333,7 млн. теңгені құрады.
    804 233,4 млн.теңге
    Өндіріс және түпкілікті тұтыну әдістерімен ЖІӨ арасындағы статистикалық алшақтық 804233,4 млн.теңгені немесе ЖІӨ-нің 2,6%-ын құрады.
    Тұтыну компоненттері бойынша ЖІӨ
    2025 жылғы қаңтар-наурыздағы түпкілікті тұтыну әдісімен ЖІӨ
    Ағымдағы бағада, млн. теңге Өткен жылға, пайызбен Қорытындыға пайызбен
    нақты көлем индексі дефлятор
    Түпкілікті тұтынуға шығыстар 19 075 332,2 105,5 109,7 64,3
    үй шаруашылықтарының 15 660 654,2 106,6 109,5 52,8
    мемлекеттік басқару органдарының 3 211 395,4 100,9 110,7 10,8
    жеке тауарлар мен қызметкөрсетулерге 1 875 922,2 97,7 112,2 6,3
    ұжымдық қызмет көрсетулерге 1 335 473,2 105,7 108,8 4,5
    үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың 203 282,6 96,3 110,6 0,7
    Жалпы қорланым 7 510 516,6 109,8 107,9 25,3
    негізгі капиталдың жалпы қорланымы 6 315 534,2 107,4 106,0 21,3
    материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі 1 194 982,4 - 119,2 4,0
    Таза экспорт 3 077 251,5 - - 10,4
    тауарлар мен қызмет көрсету экспорты 11 439 569,3 105,8 110,7 38,6
    тауарлар мен қызмет көрсету импорты 8 362 317,8 109,3 105,9 28,2
    Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім 29 663 100,3 105,6 110,8 100,0
    Өндіріс әдісімен есептелгенжалпы ішкі өнім 30 467 333,7 105,6 110,8 -
    Статистикалық алшақтық* 804 233,4 - - -

    *Статистикалық алшақтық - бұл өндіріс әдісімен және түпкілікті пайдалану әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім арасындағы айырмашылық.

    2025 жылғы қаңтар-наурыздағы ЖІӨ құрылымында түпкілікті тұтыну компоненттері бойынша шығыстардың үлесі 64,3%, жалпы қорланым – 25,3%, таза экспорт – 10,4% құрады.

    Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының 6,6%-ға және мемлекеттік басқару органдарының шығыстарының 0,9%-ға өсуі есебінен түпкілікті тұтыну шығыстарының компоненті нақты мәнде 5,5%-ға өсуі байқалады.

    Негізгі капиталдың жалпы қорланымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 7,4%-ды құрады.

    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын Ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Түпкілікті тұтыну – жекелеген үй шаруашылықтары немесе жалпы қоғам олардың жеке немесе ұжымдық қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін толығымен пайдаланған тауарлар мен қызметтерді тұтыну.

    Жалпы қорланым – негізгі капиталдың жалпы қорланымының, материалдық айналым құралдары қорлары өзгеруінің және олардың шығуын шегергендегі құндылықтарды сатып алудың жалпы құны.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім барлық экономикалық секторлардың түпкілікті тұтынуға, жалпы қорланымға және таза экспортқа жұмсаған шығыстардың сомасы болып табылады.


    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    А.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    А.С. Исабекова
    Тел. +7 7172 74 96 76
    E-mail: aig.isabekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі,
    4-кіреберіс