2025 жылғы қаңтар-шілдеде 2024 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімі көлік және қоймалау (122,5%), құрылыс (118,5%), сауда (108,6%) және өнеркәсіп (106,9%) салаларында байқалады.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімі байланыс (103,5%) және ауыл шаруашылығы (103,7%) салаларында қалыптасты.
2025 жылғы қаңтар-шілдеде 2024 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда көптеген өңірлерде ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқыны Астана қаласында (119,1%), Түркістан облысында (117,7%), Шымкент қаласында (115,4%) және Солтүстік Қазақстан облысында (112,8%) байқалады. Теріс өсім Шығыс Қазақстан (96,1%) және Ұлытау (99,6%) облыстарында қалыптасты.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.