2024 жылы қаңтар-наурыздағы өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын салықтар бойынша нақты өсім 5,1%, 3% және 3,7% құрады.
Ағымдағы бағаларда, млн.теңге | Өткен жылғы тиісті кезеңге | Қорытындыға пайызбен | ||
---|---|---|---|---|
НКИ | дефлятор | |||
Жалпы ішкі өнім | 26 023 903,8 | 103,8 | 106,3 | 100,0 |
Тауарлар өндіру | 9 100 827,0 | 105,1 | 103,8 | 35,1 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 588 856,8 | 101,7 | 106,6 | 2,3 |
Өнеркәсіп | 7 388 870,0 | 103,9 | 103,2 | 28,5 |
Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу | 3 276 831,5 | 101,9 | 105,8 | 12,5 |
Өңдеу өнеркәсібі | 3 530 701,1 | 105,6 | 99,1 | 13,8 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 500 202,3 | 105,5 | 117,7 | 1,9 |
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 81 135,1 | 102,7 | 115,0 | 0,3 |
Құрылыс | 1 123 100,2 | 115,9 | 106,4 | 4,3 |
Қызметтер өндіру | 15 090 823,8 | 103,0 | 111,6 | 57,9 |
Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 4 294 492,6 | 103,4 | 109,3 | 16,5 |
Көлік және жинақтау | 1 552 933,7 | 108,2 | 106,9 | 6,0 |
Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 233 003,0 | 95,3 | 107,3 | 0,9 |
Ақпарат және байланыс | 491 536,7 | 110,1 | 108,7 | 1,9 |
Қаржы және сақтандыру қызметі | 1 031 940,2 | 101,5 | 114,2 | 4,0 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 2 320 546,0 | 101,6 | 118,7 | 8,9 |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 1 175 580,0 | 100,2 | 100,2 | 4,5 |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 588 989,8 | 100,5 | 113,6 | 2,2 |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 542 876,3 | 97,7 | 110,6 | 2,1 |
Білім беру | 1 117 581,0 | 102,6 | 115,6 | 4,3 |
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 723 516,7 | 101,6 | 114,4 | 2,7 |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | 275 956,8 | 98,5 | 128,5 | 1,0 |
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 721 190,8 | 109,1 | 119,2 | 2,8 |
Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі | 20 680,2 | 100,7 | 109,3 | 0,1 |
Жалпы қосылған құн | 24 191 650,8 | 103,8 | 108,5 | 93,0 |
Өнімдерге салынатын таза салықтар | 1 832 253,0 | 103,7 | 84,0 | 7,0 |
Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2024 жылғы қаңтар-наурыздағы ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 35,1% және 57,9% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 28,5% алып отыр.
ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 3,8%-ға өсті. Құрылыс (15,9%), Ақпарат және байланыс (10,1%), Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну (9,1%), Көлік және жинақтау (8,2%), Өңдеу өнеркәсібі (5,6%) Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау (5,5%), салалары ең көп өсімді көрсетті.
Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға,сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі -2,5%).
2021 жылғы II-тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.
2024 жылғы қаңтар-наурыздағы (есепті деректер) жан басына шаққандағы ЖІӨ 2880,1 АҚШ долларын құрады.
2022 жылы бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ деңгейі 0,97%-ға қысқарды және ЖІӨ-ден 18,78% құрады, оның ішінде ЖІӨ-ден заңсыз қызмет үлесі - 1,15%.
Бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі ең көп үлесін Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (3,14%), Құрылыс (2,64%) және Көлік және қоймалау (2,54%), ең аз үлесін Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет (0,04%), Өнер, ойын-сауық және демалыс (0,07%), Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (0,14%) салалары алды.
2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | |
Тауарлар өндіру | 6,90 | 5,65 | 5,19 | 6,26 | 7,01 |
Қызметтер өндіру | 20,12 | 18,04 | 15,04 | 13,49 | 11,77 |
Барлығы | 27,02 | 23,69 | 20,23 | 19,75 | 18,78 |
2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы экономика бойынша еңбек өнімділігі бір жұмыскерге шаққанда 11461,4 мың теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда нақты мәнде 4,6% өсуін көрсетті.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.
Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.
Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.
Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.
Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.