Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    473 158
    2025 жылғы IV тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық жалақысы 2024 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 8,8%-ға өсіп, 473158 теңгені құрады.
    339 912
    Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні бағалау бойынша 2025 жылдың IV тоқсанында 339912 теңгені құрады.
    85 000
    2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85000 теңге мөлшерінде белгіленді.
    Жалақы динамикасы

    2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақысы 8,8%-ға өсті, нақты жалақы индексі 96,8% құрады.

    Өткен тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақысы 10,2%-ға жоғарылады, нақты жалақы индексі 107,6% құрады.

    Қазақстан Республикасындағы жалақы
      Орташа атаулы айлық жалақысы Нақты жалақы индексі, пайызбен Айлық жалақының медианалық мәні (бағалау), теңге
    теңге пайызбен
    өткен тоқсанға өткен жылғы тиiстi тоқсанға өткен тоқсанға өткен жылғы тиiстi тоқсанға
    2024            
    I тоқсан 382279 97,1 112,3 94,6 102,7 271312
    II тоқсан 403251 105,5 110,3 103,7 101,7 286197
    III тоқсан 390328 96,8 111,3 95,3 102,7 277025
    IV тоқсан 434982 111,4 110,5 108,9 101,8 308717
    2025
    I тоқсан 423133 97,3 110,7 94,0 101,2 303975
    II тоқсан 448620 106,0 111,3 102,4 100,0 322284
    III тоқсан 429368 95,7 110,0 93,3 98,0 308454
    IV тоқсан 473158 110,2 108,8 107,6 96,8 339912

    Өңірлік бөліністе 2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың IV тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Ақмола облысында – 17,4%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында – 13,1%-ға, Абай облысында – 11,7%-ға, Алматы қаласында – 11,5%-ға және Жетісу облысында – 11,2%-ды құрады.

    2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ауыл, орман және балық шаруашылығы – 25,9%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 14,5%-ға, көлік және жинақтау – 11,9%-ға салаларында байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 11,7%-ға өсті, оның ішінде сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында – 25,8%-ға, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында – 16,4%-ға.

    2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең төменгі өсуі денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету– 5,6%-ға, білім беру салаларында – 5,7%-ға және қосалқы қызмет көрсету саласында– 2,1%-ға байқалды.

    Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметі – 2,1 есе, ақпарат және байланыс – 1,9 есе, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде – тиісінше 1,5 есе жоғары болып тіркелді.

    2025 жылғы IV тоқсандағы экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақысы*
      Орташа айлық атаулы жалақысы Нақты жалақы индексі, пайызбен
    теңге пайызбен
    өткен тоқсанға 2024 жылғы тиісті тоқсанға өткен тоқсанға 2024 жылғы тиісті тоқсанға
    Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша 473 158 110,2 108,8 107,6 96,8
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 374 053 111,3 125,9 108,7 112,0
    Өнеркәсіп 690 766 111,0 111,7 108,4 99,4
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 978 962 106,1 108,2 103,6 96,3
    Өңдеу өнеркәсібі 601 560 112,4 113,8 109,8 101,2
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 561 147 124,6 116,4 121,7 103,6
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 384 260 117,6 125,8 114,8 111,9
    Құрылыс 566 344 108,4 104,7 105,9 93,1
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 441 034 105,6 110,3 103,1 98,1
    Көлік және жинақтау 640 676 102,4 111,9 100,0 99,6
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 381 122 107,8 105,4 105,3 93,8
    Ақпарат және байланыс 883 520 108,0 110,7 105,5 98,5
    Қаржы және сақтандыру қызметі 987 485 111,8 104,6 109,2 93,1
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 372 896 107,2 114,5 109,2 101,9
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 731 415 114,7 104,8 112,0 93,2
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 380 243 105,7 102,1 103,2 90,8
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 422 486 119,3 109,9 116,5 97,8
    Білім беру 329 054 113,1 105,7 110,4 94,0
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 353 273 107,5 105,6 105,0 94,0
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 333 236 109,2 110,8 106,6 98,6
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 363 958 100,6 109,8 98,2 97,7
    *Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда.
    Кәсіпорындардағы бос жұмыс орны және жұмыс күшінің қозғалысы

    2025 жылдың IV тоқсанының соңында кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос жұмыс орындарының (талап етілетін қызметкерлердің) саны 61948 бірлікті құрады және өткен тоқсанымен салыстырғанда 1923 бірлікке төмендеді. Оның ішінде салалық құрылымда 29,8% өнеркәсіптегі бос орындарды құрайды, 15,5% – мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті элеуметтік қамсыздандырудағы және 10,7% – көлік және жинақтаудағы бос орындар.

    Өңірлер арасында бос орындар саны бойынша Алматы қаласы – 15264 бірлік, Астана қаласы – 7064 бірлік, сондай-ақ Павлодар облысы – 6678 бірлік және Қарағанды облысы – 4191 бірлік көшбасшы болып табылады.

    Глоссарий

    Жалақы - бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.

    ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:

    1) тарифтік мөлшерлеме мен лауазымдық айлықақылар бойынша есептелген жалақы;

    2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;

    3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;

    4) Жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.

    Орташа айлық атаулы жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.

    Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.

    Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, қызметкерлердің саны 100 адамнан асатын, сондай-ақ «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» (индексі 2-МП) статистикалық нысан бойынша есеп беретіндерден басқа, саны 100 адамға дейін экономикалық қызметтің барлық түрлерінің заңды тұлғалары мен олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері еңбекақы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық байқаулардың объектілері болып табылады.

    Орташа айлық жалақыны, жалақы қорының құрамын, жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған шығындарын мемлекеттік статистикалық байқаулар үздіксіз әдіспен жүргізіледі.

    Орташа айлық жалақы туралы деректердің көзі "Еңбек бойынша есеп"(индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық, жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Осы статистикалық байқау бойынша барлық ірі, орта және шағын (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) тексеруге жатады.


    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Белоносова
    Тел. +7 7172 749022
    Орындаушы:
    А.Азнабаева
    Тел. +7 7172 749554
    E-mail: ai.aznabaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, г. Астана
    Мәңгілік ел даңғылығы, 8
    Министерліктер Үйі, 4 кіреберіс