Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    448 620
    2025 жылғы II тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2024 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 11,3%-ға өсіп, 448620 теңгені құрады.
    316 152
    Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні бағалау бойынша 2025 жылдың II тоқсанында 316152 теңгені құрады.
    85 000
    2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85000 теңге мөлшерінде белгіленді.
    Жалақы динамикасы

    2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 11,3%-ға өсті.

    Өткен тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 6,0%-ға жоғарылады, нақты мәнінде 2,4% құрады.

    Қазақстан Республикасындағы жалақы
      Айлық жалақының орташа мәні Нақты жалақы индексі, пайызбен Айлық жалақының медианалық мәні (бағалау), теңге
    теңге пайызбен
    өткен тоқсанға өткен жылғы тиiстi тоқсанға өткен тоқсанға өткен жылғы тиiстi тоқсанға
    2024            
    I тоқсан 382279 97,1 112,3 94,6 102,7 269 400
    II тоқсан 403251 105,5 110,3 103,7 101,7 284 180
    III тоқсан 390328 96,8 111,3 95,3 102,7 275 073
    IV тоқсан 434982 111,4 110,5 108,9 101,8 306 541
    2025            
    I тоқсан 423133 97,3 110,7 94,0 101,2 298 191
    II тоқсан 448620 106,0 111,3 102,4 100,0 316 152

    Өңірлік бөліністе 2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың II тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Астана қаласында – 15,4%-ға, Алматы қаласында – 15,3%-ға, Алматы облысында – 14,6%-ға және Қарағанды облысында – 14,0%-ды құрады.

    2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ақпарат және байланыста – 24,0 есе, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 23,7%-ға, өнер, көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 16,1%-ға, салаларында байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 11,3%-ға өсті, оның ішінде электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында – 16,9%-ға, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында – 15,4%-ға.

    2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең төменгі өсуі, қаржы және сақтандыру қызметі – 8,7%-ға, білім беру және денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларында – 7,8%-ға және әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында– 3,3%-ға байқалды.

    Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметі – 2,1 есе, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда– 2,0 есе, кәсіби, ақпарат және байланыста – 1,8, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде – тиісінше 1,4 есе жоғары болып тіркелді.

    2025 жылғы II тоқсандағы экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы*
      Орташа айлық атаулы жалақысы Нақты жалақы индексі, пайызбен
    теңге пайызбен
    өткен тоқсанға 2023 жылғы тиісті тоқсанға өткен тоқсанға 2023 жылғы тиісті тоқсанға
    Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша 448 620 106,0 111,3 102,4 100,0
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 310 793 124,8 123,7 120,6 111,1
    Өнеркәсіп 604 668 96,8 113,3 93,5 101,8
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 888 903 90,6 111,4 87,5 100,1
    Өңдеу өнеркәсібі 522 905 100,7 114,8 97,3 103,1
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 444 027 106,6 116,9 103,0 105,0
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 311 601 109,0 115,4 105,3 103,7
    Құрылыс 490 216 100,9 99,3 97,5 89,2
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 402 658 101,6 116,1 98,2 104,3
    Көлік және жинақтау 589 778 101,7 115,8 98,3 104,0
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 346 549 99,3 109,1 95,9 98,0
    Ақпарат және байланыс 819 916 95,4 124,0 92,2 111,4
    Қаржы және сақтандыру қызметі 955 051 111,6 108,7 107,8 97,7
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 330 048 99,8 111,9 96,4 100,5
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 624 461 104,5 113,6 101,0 102,1
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 360 137 103,0 103,3 99,5 92,8
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 358 688 99,1 113,3 95,7 101,8
    Білім беру 373 801 123,6 107,8 119,4 96,9
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 339 633 108,6 107,8 104,9 96,9
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 301 780 105,9 115,6 102,3 103,9
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 361 592 109,3 109,4 105,6 98,3
    * Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда.
    Кәсіпорындардағы бос жұмыс орны және жұмыс күшінің қозғалысы

    2025 жылдың II тоқсанының соңында кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос жұмыс орындарының (талап етілетін қызметкерлердің) саны 62299 бірлікті құрады және өткен тоқсанымен салыстырғанда 3287 бірлікке өсті. Оның ішінде салалық құрылымда 28,0% өнеркәсіптегі бос орындарды құрайды, 18,2% – мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті элеуметтік қамсыздандырудағы және 12,1% – көлік және жинақтаудағы бос орындар.

    Өңірлер арасында бос орындар саны бойынша Алматы қаласы – 13412 бірлік, Астана қаласы – 7692 бірлік, сондай-ақ Павлодар облысы – 5889 бірлік және Қарағанды облысы – 4098 бірлік көшбасшы болып табылады.

    Глоссарий

    Жалақы - бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.

    ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:

    1) тарифтік мөлшерлеме мен лауазымдық айлықақылар бойынша есептелген жалақы;

    2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;

    3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;

    4) Жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.

    Орташа айлық атаулы жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.

    Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.

    Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, қызметкерлердің саны 100 адамнан асатын, сондай-ақ «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» (индексі 2-МП) статистикалық нысан бойынша есеп беретіндерден басқа, саны 100 адамға дейін экономикалық қызметтің барлық түрлерінің заңды тұлғалары мен олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері еңбекақы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық байқаулардың объектілері болып табылады.

    Орташа айлық жалақыны, жалақы қорының құрамын, жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған шығындарын мемлекеттік статистикалық байқаулар үздіксіз әдіспен жүргізіледі.

    Орташа айлық жалақы туралы деректердің көзі "Еңбек бойынша есеп"(индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық, жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Осы статистикалық байқау бойынша барлық ірі, орта және шағын (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) тексеруге жатады.

    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Белоносова
    Тел. +7 7172 749022
    Орындаушы:
    А.Азнабаева
    Тел. +7 7172 749554
    E-mail: ai.aznabaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, г. Астана
    Мәңгілік ел даңғылығы, 8
    Министерліктер Үйі, 4 кіреберіс