2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 10,7%-ға өсті, нақты жалақы индексі 101,2% құрады.
Өткен тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 2,7%-ға төмендеді, нақты жалақы индексі 94,0% құрады.
| Айлық жалақының орташа мәні | Нақты жалақы индексі, пайызбен | Айлық жалақының медианалық мәні (бағалау), теңге | ||||
| теңге | пайызбен | |||||
| өткен тоқсанға | өткен жылғы тиiстi тоқсанға | өткен тоқсанға | өткен жылғы тиiстi тоқсанға | |||
| 2024 | ||||||
| I тоқсан | 382 279 | 97,1 | 112,3 | 94,6 | 102,7 | 271 312 |
| II тоқсан | 403 251 | 105,5 | 110,3 | 103,7 | 101,7 | 286 197 |
| III тоқсан | 390 328 | 96,8 | 111,3 | 95,3 | 102,7 | 277 025 |
| IV тоқсан | 434 982 | 111,4 | 110,5 | 108,9 | 101,8 | 308 717 |
| 2025 | ||||||
| I тоқсан | 423 133 | 97,3 | 110,7 | 94,0 | 101,2 | 300 307 |
Өңірлік бөліністе 2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Ұлытау облысында – 119,4%-ға, Қостанай облысында – 114,6%-ға, Алматы қаласында– 114,2%-ға Жетісу облысында – 114,1, Астана қаласы 114,0%-ды құрады.
2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ақпарат және байланыста – 31,3%-ға, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 17,3%-ға, өнер, ойын-сауық және демалыс – 16,1%-ға, салаларында байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 14,2%-ға өсті, оның ішінде электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау - 15,9%-ға, өңдеу өнеркәсібінде - 15,2%--ға.
2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең төменгі өсуі, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 6,2%-ға, білім беру салаларында – 6,1%-ға, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 4,3%-ға, құрылыс – 6,1 % байқалды.
Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – орташа республикалық деңғейден 2,3 есе жоғары, ақпарат және байланыс – 2,0 есе сәйкесінше болып тіркелді.
| Орташа айлық атаулы жалақысы | Нақты жалақы индексі, пайызбен | ||||
| теңге | пайызбен | ||||
| өткен тоқсанға | 2024 жылғы тиісті тоқсанға | өткен тоқсанға | 2024 жылғы тиісті тоқсанға | ||
| Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша | 423 133 | 97,3 | 110,7 | 94,0 | 101,2 |
| Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 248 937 | 83,8 | 117,3 | 81,0 | 107,2 |
| Өнеркәсіп | 624 428 | 101,0 | 114,2 | 97,6 | 104,4 |
| Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 981 362 | 108,4 | 113,6 | 104,7 | 103,8 |
| Өңдеу өнеркәсібі | 519 020 | 98,2 | 115,2 | 94,9 | 105,3 |
| Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 416 438 | 86,4 | 115,9 | 83,5 | 105,9 |
| Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 285 989 | 93,6 | 110,3 | 90,4 | 100,8 |
| Құрылыс | 485 852 | 89,8 | 101,5 | 86,8 | 92,8 |
| Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 396 444 | 99,1 | 115,9 | 95,7 | 105,9 |
| Көлік және жинақтау | 579 770 | 101,2 | 113,5 | 97,8 | 103,7 |
| Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 348 894 | 96,5 | 104,3 | 93,2 | 95,3 |
| Ақпарат және байланыс | 859 822 | 107,7 | 131,3 | 104,1 | 120,0 |
| Қаржы және сақтандыру қызметі | 855 468 | 90,6 | 109,6 | 87,5 | 100,2 |
| Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 330 637 | 101,5 | 114,7 | 98,1 | 104,8 |
| Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 597 411 | 85,6 | 112,3 | 82,7 | 102,7 |
| Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 349 519 | 93,9 | 100,3 | 90,7 | 91,7 |
| Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 362 015 | 94,2 | 110,1 | 91,0 | 100,6 |
| Білім беру | 302 428 | 97,2 | 106,1 | 93,9 | 97,0 |
| Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 312 758 | 93,4 | 106,2 | 90,2 | 97,1 |
| Өнер, ойын-сауық және демалыс | 284 938 | 94,7 | 116,1 | 91,5 | 106,1 |
| Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 330 768 | 99,8 | 112,6 | 96,4 | 102,9 |
2025 жылдың I тоқсанының соңында кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос жұмыс орындарының (талап етілетін қызметкерлердің) саны 59012 бірлікті құрады және өткен тоқсанымен салыстырғанда 5590 бірлікке төмендеді. Оның ішінде салалық құрылымда 29,7% өнеркәсіптегі бос орындарды құрайды, 15,9% – мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті элеуметтік қамсыздандырудағы және 11,3% – көлік және жинақтаудағы бос орындар.
Өңірлер арасында бос орындар саны бойынша Алматы қаласы – 13457 бірлік, Астана қаласы – 7092 бірлік, сондай-ақ Павлодар облысы – 5433 бірлік және Қостанай облысы – 3993 бірлік көшбасшы болып табылады.
Жалақы - бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:
2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;
3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;
4) Жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.
Орташа айлық атаулы жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.
Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.
Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.
Тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, қызметкерлердің саны 100 адамнан асатын, сондай-ақ «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» (индексі 2-МП) статистикалық нысан бойынша есеп беретіндерден басқа, саны 100 адамға дейін экономикалық қызметтің барлық түрлерінің заңды тұлғалары мен олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері еңбекақы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық байқаулардың объектілері болып табылады.
Орташа айлық жалақыны, жалақы қорының құрамын, жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған шығындарын мемлекеттік статистикалық байқаулар үздіксіз әдіспен жүргізіледі.
Орташа айлық жалақы туралы деректердің көзі "Еңбек бойынша есеп"(индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық, жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Осы статистикалық байқау бойынша барлық ірі, орта және шағын (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) тексеруге жатады.