2025 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақысы 8,4%-ға өсті, нақты жалақы индексі 98,2% құрады.
Өткен тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақысы 105,4%-ға төмендеді, нақты жалақы индексі 103,0% құрады.
| Орташа атаулы айлық жалақысы | Нақты жалақы индексі, пайызбен | Айлық жалақының медианалық мәні (бағалау), теңге | ||||
| теңге | пайызбен | |||||
| өткен тоқсанға | өткен жылғы тиiстi тоқсанға | өткен тоқсанға | өткен жылғы тиiстi тоқсанға | |||
| 2025 | ||||||
| I тоқсан | 423133 | 97,3 | 110,7 | 94,0 | 101,2 | 303975 |
| II тоқсан | 448620 | 106,0 | 111,3 | 102,4 | 100,0 | 322284 |
| III тоқсан | 429368 | 95,7 | 110,0 | 93,3 | 98,0 | 308454 |
| IV тоқсан | 473158 | 110,2 | 108,8 | 107,6 | 96,8 | 339912 |
| 2026 | ||||||
| I тоқсан | 461486 | 97,5 | 109,1 | 94,8 | 97,7 | 331527 |
| II тоқсан | 486388 | 105,4 | 108,4 | 103,0 | 98,2 | 348415 |
Өңірлік бөліністе 2025 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2026 жылдың II тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Ақмола облысында – 10,7%-ға, Абай облысында – 10,6%-ға, Алматы қаласында – 10,2%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында – 9,5%-ға, Павлодар облысында және Шымкент қаласында – 9,4%-дан құрады.
2025 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ауыл, орман және балық шаруашылығы – 17,5%-ға, құрылыста – 16,9%-ға, қаржы және сақтандыру қызметі – 16,0%-ға салаларында байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 11,4%-ға өсті, оның ішінде сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында – 14,7%-ға, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында – 13,6%-ға.
2025 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең төменгі өсуі білім беру салаларында – 3,2%-ға, өнер, ойын-сауық және демалыс –3,4%-ға, және ақпарат және байланыс саласында– 3,8%-ға байқалды.
Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметі – 2,3 есе, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 2,0 есе, ақпарат және байланыс – тиісінше 1,7 есе жоғары болып тіркелді.
| Орташа айлық атаулы жалақысы | Нақты жалақы индексі, пайызбен | ||||
| теңге | пайызбен | ||||
| өткен тоқсанға | 2025 жылғы тиісті тоқсанға | өткен тоқсанға | 2025 жылғы тиісті тоқсанға | ||
| Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша | 486 388 | 105,4 | 108,4 | 103,0 | 98,2 |
| Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 365 262 | 122,0 | 117,5 | 119,3 | 106,4 |
| Өнеркәсіп | 673 796 | 96,7 | 111,4 | 94,5 | 100,9 |
| Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 980 334 | 91,8 | 110,3 | 89,7 | 99,9 |
| Өңдеу өнеркәсібі | 584 171 | 98,8 | 111,7 | 96,6 | 101,2 |
| Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 504 412 | 105,6 | 113,6 | 103,2 | 102,9 |
| Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 357 851 | 107,4 | 114,8 | 105,0 | 104,0 |
| Құрылыс | 573 110 | 106,8 | 116,9 | 104,4 | 105,9 |
| Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 451 524 | 105,0 | 112,1 | 102,6 | 101,5 |
| Көлік және жинақтау | 639 411 | 97,7 | 108,4 | 95,5 | 98,2 |
| Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 373 433 | 102,3 | 107,8 | 100,0 | 97,6 |
| Ақпарат және байланыс | 851 076 | 96,3 | 103,8 | 94,1 | 94,0 |
| Қаржы және сақтандыру қызметі | 1 107 576 | 109,6 | 116,0 | 107,1 | 105,1 |
| Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 371 109 | 102,8 | 112,4 | 100,5 | 101,8 |
| Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 655 277 | 102,7 | 104,9 | 100,4 | 95,0 |
| Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 393 502 | 104,1 | 109,3 | 101,8 | 99,0 |
| Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 392 220 | 97,2 | 109,3 | 95,0 | 99,0 |
| Білім беру | 385 725 | 122,4 | 103,2 | 119,6 | 93,5 |
| Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 360 296 | 107,6 | 106,1 | 105,2 | 96,1 |
| Өнер, ойын-сауық және демалыс | 312 136 | 106,3 | 103,4 | 103,9 | 93,7 |
| Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 405 947 | 112,1 | 112,3 | 109,6 | 101,7 |
2026 жылдың II тоқсанының соңында кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос жұмыс орындарының (талап етілетін қызметкерлердің) саны 56594 бірлікті құрады және өткен тоқсанымен салыстырғанда 2480 бірлікке төмендеді. Оның ішінде салалық құрылымда 28,4% өнеркәсіптегі бос орындарды құрайды, 17,6% – мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті элеуметтік қамсыздандырудағы және 11,4% – көлік және жинақтаудағы бос орындар.
Өңірлер арасында бос орындар саны бойынша Алматы қаласы – 12998 бірлік, Астана қаласы – 6823 бірлік, және Қарағанды облысы – 4441 бірлік, сондай-ақ Павлодар облысы – 4254 бірлік көшбасшы болып табылады.
Жалақы - бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:
2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;
3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;
4) Жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.
Орташа айлық атаулы жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.
Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.
Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.
Тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, қызметкерлердің саны 100 адамнан асатын, сондай-ақ «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» (индексі 2-МП) статистикалық нысан бойынша есеп беретіндерден басқа, саны 100 адамға дейін экономикалық қызметтің барлық түрлерінің заңды тұлғалары мен олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері еңбекақы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық байқаулардың объектілері болып табылады.
Орташа айлық жалақыны, жалақы қорының құрамын, жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған шығындарын мемлекеттік статистикалық байқаулар үздіксіз әдіспен жүргізіледі.
Орташа айлық жалақы туралы деректердің көзі "Еңбек бойынша есеп"(индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық, жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Осы статистикалық байқау бойынша барлық ірі, орта және шағын кәсіпорындар (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) тексеруге жатады.