Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    461 486
    2026 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық жалақысы 2025 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 9,1%-ға өсіп, 461486 теңгені құрады.
    331 527
    Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні бағалау бойынша 2026 жылдың I тоқсанында 331527 теңгені құрады.
    85 000
    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85000 теңге мөлшерінде белгіленді.
    Жалақы динамикасы

    2025 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақысы 9,1%-ға өсті, нақты жалақы индексі 97,7% құрады.

    Өткен тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақысы 97,5%-ға төмендеді, нақты жалақы индексі 94,8% құрады.

    Қазақстан Республикасындағы жалақы
    Орташа атаулы айлық жалақысы Нақты жалақы индексі, пайызбен

    Айлық жалақының медианалық

    мәні (бағалау), теңге

    теңге пайызбен
    өткен тоқсанға өткен жылғы тиiстi тоқсанға өткен тоқсанға өткен жылғы тиiстi тоқсанға
    2025
    I тоқсан 423133 97,3 110,7 94,0 101,2 303975
    II тоқсан 448620 106,0 111,3 102,4 100,0 322284
    III тоқсан 429368 95,7 110,0 93,3 98,0 308454
    IV тоқсан 473158 110,2 108,8 107,6 96,8 339912
    2026
    I тоқсан 461486 97,5 109,1 94,8 97,7 331527

    Өңірлік бөліністе 2025 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2026 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Абай облысында – 14,2%-ға, Павлодар облысында – 12,4%-ға, Жетісу облысында – 12,2%-ға, Алматы облысында – 10,9%-ға және Алматы қаласында – 10,7%-ды құрады.

    2025 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ауыл, орман және балық шаруашылығы – 20,3%-ға, қаржы және сақтандыру қызметі – 18,1%-ға, көлік және жинақтау – 12,9%-ға салаларында байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 11,6%-ға өсті, оның ішінде сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында – 16,5%-ға, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында – 14,7%-ға.

    2025 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең төменгі өсуі денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету–7,0%-ға, білім беру салаларында – 4,2%-ға және ақпарат және байланыс саласында– 2,8%-ға байқалды.

    Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 2,3 есе, қаржы және сақтандыру қызметі – 2,2 есе, ақпарат және байланыс – тиісінше 1,9 есе жоғары болып тіркелді.

    2026 жылғы I тоқсандағы экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақысы*
    Орташа айлық атаулы жалақысы Нақты жалақы индексі, пайызбен  
    теңге пайызбен
    өткен тоқсанға 2025 жылғы тиісті тоқсанға өткен тоқсанға 2025 жылғы тиісті тоқсанға
    Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша 461 486 97,5    109,1    94,8 97,7
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 299 513    80,1    120,3    77,9    107,7
    Өнеркәсіп 696 725    100,9    111,6    98,2    99,9
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 1  068 068    109,1    108,8    106,1 97,4
    Өңдеу өнеркәсібі 591 537    98,3    114,0    95,6 102,1
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 477 720 85,1    114,7    82,8    102,7
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 333 310    86,7 116,5 84,3    104,3
    Құрылыс 536 800    94,8    110,5    92,2    98,9
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 430 171    97,5    108,5    94,8 97,1
    Көлік және жинақтау 654 342    102,1    112,9    99,3    101,1
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 365 066    95,8 104,6       93,2    93,6
    Ақпарат және байланыс 883 837    100,0    102,8    97,3    92,0
    Қаржы және сақтандыру қызметі 1  010 271    102,3    118,1    99,5    105,7
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 360 960    96,8    109,2    94,2    97,8
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 638 235 87,3    106,8    84,9    95,6
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 377 964    99,4    108,1    96,7 96,8
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 403 447    95,5    111,4    92,9    99,7
    Білім беру 315 100 95,8 104,2    93,2    93,3
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 334 768    94,8 107,0 92,2 95,8
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 293 671 88,1    103,1    85,7    92,3
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 362 123    99,5 109,5 96,8    98,0
    *Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда.
    Кәсіпорындардағы бос жұмыс орны және жұмыс күшінің қозғалысы

    2026 жылдың I тоқсанының соңында кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос жұмыс орындарының (талап етілетін қызметкерлердің) саны 59074 бірлікті құрады және өткен тоқсанымен салыстырғанда 2874 бірлікке төмендеді. Оның ішінде салалық құрылымда 29,6% өнеркәсіптегі бос орындарды құрайды, 16,8% – мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті элеуметтік қамсыздандырудағы және 10,5% – көлік және жинақтаудағы бос орындар.

    Өңірлер арасында бос орындар саны бойынша Алматы қаласы – 12754 бірлік, Астана қаласы – 7112 бірлік, сондай-ақ Павлодар облысы – 6145 бірлік және Қарағанды облысы – 4145 бірлік көшбасшы болып табылады.

    Глоссарий

    Жалақы - бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.

    ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:

    1) тарифтік мөлшерлеме мен лауазымдық айлықақылар бойынша есептелген жалақы;

    2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;

    3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;

    4) Жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.

    Орташа айлық атаулы жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.

    Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.

    Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, қызметкерлердің саны 100 адамнан асатын, сондай-ақ «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» (индексі 2-МП) статистикалық нысан бойынша есеп беретіндерден басқа, саны 100 адамға дейін экономикалық қызметтің барлық түрлерінің заңды тұлғалары мен олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері еңбекақы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық байқаулардың объектілері болып табылады.

    Орташа айлық жалақыны, жалақы қорының құрамын, жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған шығындарын мемлекеттік статистикалық байқаулар үздіксіз әдіспен жүргізіледі.

    Орташа айлық жалақы туралы деректердің көзі "Еңбек бойынша есеп"(индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық, жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Осы статистикалық байқау бойынша барлық ірі, орта және шағын (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) тексеруге жатады.


    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Белоносова
    Тел. +7 7172 749022
    Орындаушы:
    А.Азнабаева
    Тел. +7 7172 749554
    E-mail: ai.aznabaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, г. Астана
    Мәңгілік ел даңғылығы, 8
    Министерліктер Үйі, 4 кіреберіс