Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    434 982
    2024 жылғы IV тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2023 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 10,5%-ға өсіп, 434982 теңгені құрады.
    308 717
    Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні бағалау бойынша 2024 жылдың IV тоқсанында 308717 теңгені құрады.
    85 000
    2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85000 теңге мөлшерінде белгіленді.
    Жалақы динамикасы

    2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 10,5%-ға өсті, нақты жалақы индексі 101,8% құрады.

    Өткен тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 11,4%-ға жоғарылады, нақты жалақы индексі 108,9% құрады.

    Қазақстан Республикасындағы жалақы
      Айлық жалақының орташа мәні Нақты жалақы индексі, пайызбен Айлық жалақының медианалық мәні (бағалау), теңге
    теңге пайызбен
    өткен тоқсанға өткен жылғы тиiстi тоқсанға өткен тоқсанға өткен жылғы тиiстi тоқсанға
    2023            
    I тоқсан 340 556 100,5 119,3 97,1 99,4 235 028
    II тоқсан 365 502 107,3 117,1 104,7 101,2 252 244
    III тоқсан 350 542 95,9 116,9 94,3 103,5 241 920
    IV тоқсан 393 605 112,3 116,2 109,9 105,3 271 639
    2024            
    I тоқсан 382 279 97,1 112,3 94,6 102,7 271 312
    II тоқсан 403 251 105,5 110,3 103,7 101,7 286 197
    III тоқсан 390 328 96,8 111,3 95,3 102,7 277 025
    IV тоқсан 434 982 111,4 110,5 108,9 101,8 308 717

    Өңірлік бөліністе 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың IV тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Алматы және Шымкент қалаларында – 13,6%-ға, Қарағанды облысында – 13,2%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында – 12,9%-ға және Ақтөбе облысында – 12,6%-ды құрады.

    2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ақпарат және байланыста – 32,8 есе, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 22,7%-ға, өнер, ойын-сауық және демалыс – 20,6%-ға, салаларында байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 14,3%-ға өсті, оның ішінде сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында – 23,1%-ға, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында – 18,8%-ға.

    2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең төменгі өсуі, білім беру салаларында – 5%-ға, мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру – 3,4%-ға және әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында– 3,1%-ға, байқалды.

    Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметі – 2,2 есе, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда– 2,1 есе, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде – тиісінше 1,6 есе жоғары болып тіркелді.

    2024 жылғы IV тоқсандағы экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы*
      Орташа айлық атаулы жалақысы Нақты жалақы индексі, пайызбен
    теңге пайызбен
    өткен тоқсанға 2023 жылғы тиісті тоқсанға өткен тоқсанға 2023 жылғы тиісті тоқсанға
    Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша 434 982 111,4 110,5 108,9 101,8
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 297 092 104,7 122,7 102,3 113,1
    Өнеркәсіп 618 523 110,3 114,3 107,8 105,3
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 904 963 105,9 113,3 103,5 104,4
    Өңдеу өнеркәсібі 528 801 112,2 113,4 109,7 104,5
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 482 046 122,6 118,8 119,8 109,5
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 305 439 107,9 123,1 105,5 113,5
    Құрылыс 541 082 106,1 108,7 103,7 100,2
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 399 897 111,0 117,1 108,5 107,9
    Көлік және жинақтау 572 626 107,6 114,3 105,2 105,3
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 361 565 108,6 115,2 106,2 106,2
    Ақпарат және байланыс 798 337 118,6 132,8 115,9 122,4
    Қаржы және сақтандыру қызметі 943 931 113,5 115,9 110,9 106,8
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 325 624 109,0 120,3 106,5 110,9
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 697 905 117,6 113,6 115,0 104,7
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 372 362 103,6 103,1 101,3 95,0
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 384 499 121,2 103,4 118,5 95,3
    Білім беру 311 298 114,5 105,0 111,9 96,8
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 334 695 106,9 107,6 104,5 99,2
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 300 790 112,6 120,6 110,1 111,2
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 331 346 100,1 112,8 97,8 104,0
    * Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда.
    Кәсіпорындардағы бос жұмыс орны және жұмыс күшінің қозғалысы

    2024 жылдың IV тоқсанының соңында кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос жұмыс орындарының (талап етілетін қызметкерлердің) саны 53422 бірлікті құрады және өткен тоқсанымен салыстырғанда 5230 бірлікке төмендеді. Оның ішінде салалық құрылымда 28,0% өнеркәсіптегі бос орындарды құрайды, 18,2% – мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті элеуметтік қамсыздандырудағы және 12,1% – көлік және жинақтаудағы бос орындар.

    Өңірлер арасында бос орындар саны бойынша Алматы қаласы – 10161 бірлік, Астана қаласы – 7744 бірлік, сондай-ақ Павлодар облысы – 4968 бірлік және Қарағанды облысы – 3741 бірлік көшбасшы болып табылады.

    Глоссарий

    Жалақы - бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.

    ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:

    1) тарифтік мөлшерлеме мен лауазымдық айлықақылар бойынша есептелген жалақы;

    2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;

    3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;

    4) Жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.

    Орташа айлық атаулы жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.

    Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.

    Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, қызметкерлердің саны 100 адамнан асатын, сондай-ақ «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» (индексі 2-МП) статистикалық нысан бойынша есеп беретіндерден басқа, саны 100 адамға дейін экономикалық қызметтің барлық түрлерінің заңды тұлғалары мен олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері еңбекақы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық байқаулардың объектілері болып табылады.

    Орташа айлық жалақыны, жалақы қорының құрамын, жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған шығындарын мемлекеттік статистикалық байқаулар үздіксіз әдіспен жүргізіледі.

    Орташа айлық жалақы туралы деректердің көзі "Еңбек бойынша есеп"(индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық, жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Осы статистикалық байқау бойынша барлық ірі, орта және шағын (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) тексеруге жатады.

    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Белоносова
    Тел. +7 7172 749022
    Орындаушы:
    А.Азнабаева
    Тел. +7 7172 749554
    E-mail: ai.aznabaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, г. Астана
    Мәңгілік ел даңғылығы, 8
    Министерліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші