Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    403 251
    2024 жылғы II тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2023 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 10,3%-ға өсіп, 403251 теңгені құрады.
    278 296
    Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні бағалау бойынша 2024 жылдың II тоқсанында 278296 теңгені құрады.
    85 000
    2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85000 теңге мөлшерінде белгіленді.
    Жалақы динамикасы

    2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 10,3%-ға өсті, нақты жалақы индексі 101,7% құрады.

    Өткен тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 5,5%-ға өсті, нақты жалақы индексі 103,7% құрады.

    Қазақстан Республикасындағы жалақы
      Айлық жалақының орташа мәні Нақты жалақы индексі, пайызбен Айлық жалақының медианалық мәні (бағалау), теңге
    теңге пайызбен
    өткен тоқсанға өткен жылғы тиiстi тоқсанға өткен тоқсанға өткен жылғы тиiстi тоқсанға
    2023            
    I тоқсан 340556 100,5 119,3 97,1 99,4 235 028
    II тоқсан 365502 107,3 117,1 104,7 101,2 252 244
    III тоқсан 350542 95,9 116,9 94,3 103,5 241 920
    IV тоқсан 393605 112,3 116,2 109,9 105,3 271 639
    2024            
    I тоқсан 382279 97,1 112,3 94,6 102,7 263 823
    II тоқсан 403251 105,5 110,3 103,7 101,7 278 296

    Өңірлік бөліністе 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың II тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Алматы қаласында – 14,3%-ға, Ақтөбе облысында – 14,0%-ға, Павлодар облысында – 12,9%-ға, Шығыс Қазақстан облысында – 11,6%-ға, құрады.

    2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі қаржы және сақтандыру қызметі – 23,3%-ға, өнер, ойын-сауық және демалыс – 21,5%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 21,1%-ға, салаларында байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 14,5%-ға өсті, оның ішінде электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында – 24,6%-ға, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында – 23,1%-ға.

    2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең төменгі өсуі денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету– 5,6%-ға, мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру– 5,2%-ға салаларында байқалды.

    Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде орташа республикалық деңгейден – 2,2 есе, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда– 2 есе, ақпарат және байланыста – 1,6 есе, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде – тиісінше 1,4 есе жоғары болып тіркелді.

    2024 жылғы II тоқсандағы экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы*
      Орташа айлық атаулы жалақысы Нақты жалақы индексі, пайызбен
    теңге пайызбен
    өткен тоқсанға 2023 жылғы тиісті тоқсанға өткен тоқсанға 2023 жылғы тиісті тоқсанға
    Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша 403 251 105,5 110,3 103,7 101,7
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 251 301 118,4 111,7 116,4 102,9
    Өнеркәсіп 533 569 97,6 114,5 96,0 105,5
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 797 618 92,3 112,2 90,8 103,4
    Өңдеу өнеркәсібі 455 647 101,1 115,4 99,4 106,4
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 379 756 105,7 124,6 103,9 114,8
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 270 118 104,2 123,1 102,5 113,5
    Құрылыс 493 831 103,2 110,6 101,5 101,9
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 346 838 101,4 113,2 99,7 104,3
    Көлік және жинақтау 509 154 99,7 112,7 98,0 103,9
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 317 763 95,0 108,1 93,4 99,6
    Ақпарат және байланыс 661 339 101,0 121,0 99,3 111,5
    Қаржы және сақтандыру қызметі 878 739 112,5 123,3 110,6 113,6
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 294 879 102,3 121,1 100,6 111,6
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 549 673 103,4 112,4 101,7 103,6
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 348 489 100,0 99,1 98,3 91,3
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 316 644 96,3 105,2 94,7 97,0
    Білім беру 346 635 121,6 107,2 119,6 98,8
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 315 034 107,0 105,6 105,2 97,3
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 260 949 106,3 121,5 104,5 112,0
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 330 613 112,6 112,8 110,7 104,0
    * Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда.
    Кәсіпорындардағы бос жұмыс орны және жұмыс күшінің қозғалысы

    2024 жылдың II тоқсанының соңында кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос жұмыс орындарының (талап етілетін қызметкерлердің) саны 55 846 бірлікті құрады және өткен тоқсанымен салыстырғанда 1578 бірлікке төмендеді. Оның ішінде салалық құрылымда 28,6% өнеркәсіптегі бос орындарды құрайды, 18,0% – мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті элеуметтік қамсыздандырудағы және 11,3% – көлік және жинақтаудағы бос орындар.

    Өңірлер арасында бос орындар саны бойынша Алматы қаласы – 10603 бірлік, Астана қаласы – 9478 бірлік, сондай-ақ Павлодар облысы – 4698 бірлік және Шығыс Қазақстан облысы – 3702 бірлік көшбасшы болып табылады.

    Глоссарий

    Жалақы - бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.

    ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:

    1) тарифтік мөлшерлеме мен лауазымдық айлықақылар бойынша есептелген жалақы;

    2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;

    3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;

    4) Жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.

    Орташа айлық атаулы жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.

    Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.

    Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, қызметкерлердің саны 100 адамнан асатын, сондай-ақ «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» (индексі 2-МП) статистикалық нысан бойынша есеп беретіндерден басқа, саны 100 адамға дейін экономикалық қызметтің барлық түрлерінің заңды тұлғалары мен олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері еңбекақы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық байқаулардың объектілері болып табылады.

    Орташа айлық жалақыны, жалақы қорының құрамын, жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған шығындарын мемлекеттік статистикалық байқаулар үздіксіз әдіспен жүргізіледі.

    Орташа айлық жалақы туралы деректердің көзі "Еңбек бойынша есеп"(индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық, жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Осы статистикалық байқау бойынша барлық ірі, орта және шағын (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) тексеруге жатады.

    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Белоносова
    Тел. +7 7172 749022
    Орындаушы:
    А.Азнабаева
    Тел. +7 7172 749554
    E-mail: ai.aznabaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, г. Астана
    Мәңгілік ел даңғылығы, 8
    Министерліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші