Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    382 279
    2024 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2023 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 12,3%-ға өсіп, 382279 теңгені құрады.
    251 997
    Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні бағалау бойынша 2024 жылдың I тоқсанында 251997 теңгені құрады.
    85 000
    2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85000 теңге мөлшерінде белгіленді.
    Жалақы динамикасы

    2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 12,3%-ға өсті, нақты жалақы индексі 102,7% құрады.

    Өткен тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 2,9%-ға азайды, нақты жалақы индексі 94,6% құрады.

    Қазақстан Республикасындағы жалақы
      Айлық жалақының орташа мәні Нақты жалақы индексі, пайызбен Айлық жалақының медианалық мәні (бағалау), теңге
    теңге пайызбен
    өткен тоқсанға өткен жылғы тиiстi тоқсанға өткен тоқсанға өткен жылғы тиiстi тоқсанға
    2023            
    I тоқсан 340556 100,5 119,3 97,1 99,4 224493
    II тоқсан 365502 107,3 117,1 104,7 101,2 240937
    III тоқсан 350542 95,9 116,9 94,3 103,5 231076
    IV тоқсан 393605 112,3 116,2 109,9 105,3 259463
    2024            
    I тоқсан 382279 97,1 112,3 94,6 102,7 251997

    Өңірлік бөліністе 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Батыс Қазақстан облысында – 18,2%-ға, Алматы қаласында – 16,4%-ға, Ақтөбе облысында – 16,1%-ға, Павлодар облысында – 15,9%-ға құрады.

    2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі қаржы және сақтандыру қызметі – 29,7%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 23%-ға, ақпарат және байланыс – 21%-ға салаларында байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 15,2%-ға өсті, оның ішінде сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында – 28,4%-ға, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында – 27,5%-ға.

    2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең төменгі өсуі құрылыс – 1,4%-ға, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 7,8%-ға салаларында байқалды.

    Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда орташа республикалық деңгейден – 2,3 есе, қаржы және сақтандыру қызметінде – 2 есе, ақпарат және байланыста – 1,7 есе, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде – тиісінше 1,4 есе жоғары болып тіркелді.

    2024 жылғы I тоқсандағы экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы*
      Орташа айлық атаулы жалақысы Нақты жалақы индексі, пайызбен
    теңге пайызбен
    өткен тоқсанға 2023 жылғы тиісті тоқсанға өткен тоқсанға 2023 жылғы тиісті тоқсанға
    Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша 382279 97,1 112,3 94,6 102,7
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 212300 87,6 118,3 85,4 108,2
    Өнеркәсіп 546968 101,0 115,2 98,4 105,4
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 864029 108,2 112,7 105,5 103,1
    Өңдеу өнеркәсібі 450501 96,6 114,9 94,2 105,1
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 359419 88,6 127,5 86,4 116,7
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 259278 104,5 128,4 101,9 117,5
    Құрылыс 478648 96,1 101,4 93,7 92,8
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 342081 100,1 116,6 97,6 106,7
    Көлік және жинақтау 510648 102,0 116,8 99,4 106,9
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 334447 106,6 98,7 103,9 90,3
    Ақпарат және байланыс 654902 108,9 121,0 106,1 110,7
    Қаржы және сақтандыру қызметі 780876 95,9 129,7 93,5 118,7
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 288384 106,5 123,0 103,8 112,5
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 531847 86,6 113,4 84,4 103,8
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 348366 96,5 97,4 94,1 89,1
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 328836 88,4 113,3 86,2 103,7
    Білім беру 284992 96,1 109,2 93,7 99,9
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 294443 94,7 107,8 92,3 98,6
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 245446 98,4 120,9 95,9 110,6
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 293643 99,9 117,7 97,4 107,7
    * Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда.
    Кәсіпорындардағы бос жұмыс орны және жұмыс күшінің қозғалысы

    2024 жылдың I тоқсанының соңында кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос жұмыс орындарының (талап етілетін қызметкерлердің) саны 57424 бірлікті құрады және өткен тоқсанымен салыстырғанда 3216 бірлікке өсті. Оның ішінде салалық құрылымда 26,4% өнеркәсіптегі бос орындарды құрайды, 18,6% – мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті элеуметтік қамсыздандырудағы және 11,7% – көлік және жинақтаудағы бос орындар.

    Өңірлер арасында бос орындар саны бойынша Алматы қаласы – 11569 бірлік, Астана қаласы – 10010 бірлік, сондай–ақ Павлодар облысы – 4755 бірлік және Қостанай облысы – 3550 бірлік көшбасшы болып табылады.

    Глоссарий

    Жалақы - бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.

    ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:

    1) тарифтік мөлшерлеме мен лауазымдық айлықақылар бойынша есептелген жалақы;

    2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;

    3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;

    4) Жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.

    Орташа айлық атаулы жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.

    Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.

    Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, қызметкерлердің саны 100 адамнан асатын, сондай-ақ «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» (индексі 2-МП) статистикалық нысан бойынша есеп беретіндерден басқа, саны 100 адамға дейін экономикалық қызметтің барлық түрлерінің заңды тұлғалары мен олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері еңбекақы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық байқаулардың объектілері болып табылады.

    Орташа айлық жалақыны, жалақы қорының құрамын, жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған шығындарын мемлекеттік статистикалық байқаулар үздіксіз әдіспен жүргізіледі.

    Орташа айлық жалақы туралы деректердің көзі "Еңбек бойынша есеп"(индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық, жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Осы статистикалық байқау бойынша барлық ірі, орта және шағын (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) тексеруге жатады.

    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Белоносова
    Тел. +7 7172 749022
    Орындаушы:
    А.Сагнаева
    Тел. +7 7172 749554
    E-mail: a.sagnaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, г. Астана
    Мәңгілік ел даңғылығы, 8
    Министерліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші