Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    393 605
    2023 жылғы IV тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2022 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 16,2%-ға өсіп, 393 605 теңгені құрады.
    259 463
    Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні бағалау бойынша 2023 жылдың IV тоқсанында 259 463 теңгені құрады.
    85 000
    2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85000 теңге мөлшерінде белгіленді.
    Жалақы динамикасы

    Өткен тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 12,3%-ға өсті, нақты жалақы индексі 109,9% құрады.

    2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 16,2%-ға өсті, нақты жалақы индексі 105,3% құрады.

    Қазақстан Республикасындағы тоқсандар бойынша атаулы және нақты жалақы индексі
    2023ж. IV тоқсан
    Қазақстан Республикасындағы жалақы
    Айлық жалақының орташа мәні Нақты жалақы индексі, пайызбен Айлық жалақының медианалық мәні (бағалау), теңге
    теңге пайызбен
    өткен тоқсанға өткен жылғы тиiстi тоқсанға өткен тоқсанға өткен жылғы тиiстi тоқсанға
    2022
    I тоқсан 285 433 103,6 123,7 100,5 112,7 188 156
    II тоқсан 312 011 109,3 124,0 102,9 108,9 205 676
    III тоқсан 299 782 96,1 123,0 92,2 105,8 197 615
    IV тоқсан 338 715 113,0 122,9 107,9 102,8 223 279
    2023
    I тоқсан 340 556 100,5 119,3 97,1 99,4 224 493
    II тоқсан 365 502 107,3 117,1 104,7 101,2 240 937
    III тоқсан 350 542 95,9 116,9 94,3 103,5 231 076
    IV тоқсан 393 605 112,3 116,2 109,9 105,3 259 463

    Өңірлік бөліністе 2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2023 жылдың IV тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Ұлытау облысында – 23,5%-ға, Ақмола облысында – 23%-ға, Қызылорда облысында – 20,4%-ға, Алматы қаласында – 20,4%-ға құрады. Ең төменгі өсім Атырау облысында – 6,4%-ға және Маңғыстау облысында – 9,9%-ға байқалды.

    2023 жылғы IV тоқсандағы өңірлер бойынша қызметкерлердің айлық жалақысының орташа мәні
    2023ж. IV тоқсан

    2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі қаржы және сақтандыру қызметі – 29,7%-ға, ақпарат және байланыс – 23,2%-ға, өнер, ойын-сауық және демалыс – 20,8%-ға салаларында байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 14,1%-ға, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында – 18,2%-ға өсті.

    2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең төменгі өсуі тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 5,5%-ға, құрылыс – 6,7%-ға салаларында байқалды.

    Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде орташа республикалық деңгейден – 2,1 есе, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 2 есе, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 1,6 есе, ақпарат және байланыста – тиісінше 1,5 есе жоғары болып тіркелді.

    2023 жылғы IV тоқсандағы экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы*
    Орташа айлық атаулы жалақысы Нақты жалақы индексі, пайызбен
    теңге пайызбен
    өткен тоқсанға 2022 жылғы тиісті тоқсанға өткен тоқсанға 2022 жылғы тиісті тоқсанға
    Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша 393 605 112,3 116,2 109,9 105,3
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 242 227 102,4 116,7 100,2 105,8
    Өнеркәсіп 541 313 109,8 114,1 107,4 103,4
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 798 421 105,5 109,6 103,2 99,4
    Өңдеу өнеркәсібі 466 148 112,4 117,5 110,0 106,5
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 405 762 124,4 124,4 121,7 112,8
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 248 161 103,7 116,1 101,5 105,3
    Құрылыс 497 968 102,9 106,7 100,7 96,7
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 341 599 107,6 115,7 105,3 104,9
    Көлік және жинақтау 500 866 105,7 117,2 103,4 106,3
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 313 829 103,3 105,5 101,1 95,6
    Ақпарат және байланыс 601 359 114,4 123,2 111,9 111,7
    Қаржы және сақтандыру қызметі 814 502 121,8 129,7 119,2 117,6
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 270 725 107,5 118,7 105,2 107,6
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 614 318 120,2 114,9 117,6 104,2
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 361 016 99,7 111,1 97,6 100,7
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 371 954 124,1 115,1 121,4 104,4
    Білім беру 296 405 119,8 118,6 117,2 107,5
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 310 959 107,3 118,2 105,0 107,2
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 249 433 110,1 120,8 107,7 109,5
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 293 847 100,2 117,7 98,0 106,7
    * Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда.
    Кәсіпорындардағы бос жұмыс орны және жұмыс күшінің қозғалысы

    2023 жылдың IV тоқсанының соңында кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос жұмыс орындарының (талап етілетін қызметкерлердің) саны 54 208 бірлікті құрады және өткен тоқсанымен салыстырғанда 1 652 бірлікке өсті. Оның ішінде салалық құрылымда 29,9% өнеркәсіптегі бос орындарды құрайды, 16,5% – мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті элеуметтік қамсыздандырудағы және 12,4% – көлік және жинақтаудағы бос орындар.

    Өңірлер арасында бос орындар саны бойынша Алматы қаласы – 11 488 бірлік, Астана қаласы – 8 179 бірлік, сондай–ақ Павлодар облысы – 4 519 бірлік және Қостанай облысы – 4 054 бірлік көшбасшы болып табылады.

    Глоссарий

    Жалақы - бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.

    ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:

    1) тарифтік мөлшерлеме мен лауазымдық айлықақылар бойынша есептелген жалақы;

    2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;

    3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;

    4) Жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.

    Орташа айлық атаулы жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.

    Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.

    Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, қызметкерлердің саны 100 адамнан асатын, сондай-ақ «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» (индексі 2-МП) статистикалық нысан бойынша есеп беретіндерден басқа, саны 100 адамға дейін экономикалық қызметтің барлық түрлерінің заңды тұлғалары мен олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері еңбекақы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық байқаулардың объектілері болып табылады.

    Орташа айлық жалақыны, жалақы қорының құрамын, жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған шығындарын мемлекеттік статистикалық байқаулар үздіксіз әдіспен жүргізіледі.

    Орташа айлық жалақы туралы деректердің көзі "Еңбек бойынша есеп"(индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық, жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Осы статистикалық байқау бойынша барлық ірі, орта және шағын (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) тексеруге жатады.

    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Белоносова
    Тел. +7 7172 749022
    Орындаушы:
    А.Сагнаева
    Тел. +7 7172 749554
    E-mail: a.sagnaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, г. Астана
    Мәңгілік ел даңғылығы, 8
    Министерліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші