2025 жылы ЖІӨ құрылымындағы ең жоғарғы үлесті Алматы қаласы (22,7%), Астана қаласы (12,3%) және Атырау облысы (10,4%) алды.
| Жалпы өңірлік өнім | |||||
| млн.теңге | өңірлердің ЖІӨ-дегі үлес салмағы, пайызбен | нақты көлем индексі, өткен жылға пайызбен |
жан басына шаққандағы ЖӨӨ, мың теңге |
жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің орналасу тәртібі | |
| Қазақстан Республикасы | 159 608 552,9 | 100,0 | 106,5 | 7 827,2 | х |
| Абай | 4 128 287,9 | 2,6 | 101,9 | 6 888,8 | 10 |
| Ақмола | 5 158 095,3 | 3,2 | 105,9 | 6 542,2 | 13 |
| Ақтөбе | 5 246 041,6 | 3,3 | 103,5 | 5 506,2 | 14 |
| Алматы | 6 792 939,5 | 4,3 | 109,1 | 4 303,9 | 16 |
| Атырау | 16 645 678,8 | 10,4 | 108,8 | 23 332,0 | 1 |
| Батыс Қазақстан | 4 984 664,0 | 3,1 | 102,0 | 7 163,7 | 9 |
| Жамбыл | 3 341 625,8 | 2,1 | 107,1 | 2 741,2 | 19 |
| Жетісу | 2 507 485,9 | 1,6 | 105,5 | 3 628,7 | 17 |
| Қарағанды | 10 367 346,2 | 6,5 | 103,7 | 9 153,2 | 5 |
| Қостанай | 6 080 972,0 | 3,8 | 109,0 | 7 384,1 | 8 |
| Қызылорда | 3 051 041,2 | 1,9 | 102,3 | 3 605,5 | 18 |
| Маңғыстау | 5 541 598,9 | 3,5 | 104,6 | 6 820,5 | 11 |
| Павлодар | 6 357 587,1 | 4,0 | 107,1 | 8 498,0 | 6 |
| Солтүстік Қазақстан | 3 430 760,0 | 2,0 | 111,6 | 6 621,1 | 12 |
| Түркістан | 5 396 307,1 | 3,4 | 113,0 | 2 508,0 | 20 |
| Ұлытау | 3 045 355,8 | 1,9 | 102,9 | 13 831,8 | 3 |
| Шығыс Қазақстан | 5 846 091,3 | 3,7 | 102,7 | 8 102,9 | 7 |
| Астана қаласы | 19 593 327,4 | 12,3 | 110,2 | 12 370,0 | 4 |
| Алматы қаласы | 36 195 760,9 | 22,7 | 104,9 | 15 601,1 | 2 |
| Шымкент қаласы | 5 897 586,2 | 3,7 | 109,9 | 4 625,2 | 15 |
2025 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 7827,2 мың теңгені құрады. Өңірлер бөлінісінде бастапқы қатарды Атырау облысы (23332 мың теңге), Алматы қаласы (15601,1 мың теңге), Ұлытау облысы (13831,8 мың теңге), Астана қаласы (12370 мың теңге) алды және де соңғы қатарларды Түркістан (2508 мың теңге), Жамбыл (2741,2 мың теңге) және Қызылорда (3605,5 мың теңге) облыстары алды.
ЖІӨ-нің өсуіне ең үлкен үлесті Астана қаласы (1,12 п.т.), Алматы қаласы (1,12 п.т.) және Атырау облысы (0,96 п.т.) қосты.
2025 жылы бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-гі үлесі 15,69%-ды құрады және өткен жылмен салыстырғанда 1,02 пайыздық тармаққа қысқарды.
Бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі ең көп үлесі Алматы қаласында (3,78%), Астана қаласында (2,52%) және Түркістан облысында (0,95%), ең аз үлесі Ұлытау (0,10%), Абай (0,30%) және Солтүстік Қазақстан (0,35%) облыстарында байқалады.
Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ)– белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және нарықтық бағамен есептелетін жекелеген өңірдің резидент-өндіруші бірліктерінің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.
Жалпы қосылған құн- экономиканың жекеленген өндірушілері, салалары немесе секторлары енгізген ЖІӨ-ге қосатын үлестің көрсеткіші ретінде қызмет ететін аралық тұтыну құнын шегергендегі жалпы өнімнің құны.
Жалпы шығарылым- есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.
Аралық тұтыну -өндіріс процесінде түрленетін немесе түгелдей тұтынылатын тауарлар мен қызметтердің құны.
Қосқан үлесі – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Өнімдерге салынатын салықтарға мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет құнына тікелей байланысты салықтар жатады.
Жалпы өңірлік өнім – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір өңірдің түпкілікті тауарлары мен қызметтерінің құнын білдіреді. ЖӨӨ өндіріс әдісімен есептеледі және экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы қосылған құнының сомасын білдіреді және таза салықтарды қамтиды. ЖӨӨ сомасы Жалпы ішкі өнімге тең болуы тиіс.