2026 жылғы қаңтар-шілдеде 2025 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімі құрылыс (115,3%), көлік және қоймалау (107,4%) және сауда (105,9%) салаларында байқалады.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімі өнеркәсіп (103%), байланыс (104,3%) және ауыл шаруашылығы (105%) салаларында қалыптасты.
2026 жылғы қаңтар-шілдеде 2025 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда көптеген өңірлерде ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқыны Түркістан (124,1%), Ұлытау (115,9%), Алматы (115%) облыстарында және Шымкент қаласында (115%) байқалады. Теріс өсім қарқыны Батыс Қазақстан (93,5%), Атырау (94,1%), Шығыс Қазақстан (99%) және Ақмола (99,5%) облыстарында қалыптасты.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.