2025 жылы өткен жылмен салыстырғанда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын таза салықтар бойынша нақты өсім 9,1%, 4,9% және 5,3% құрады.
Нақты мәнде көлік және жинақтау (19,4%), құрылыс (17,5%), көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (8,1%), өнеркәсіп (7,7%), ақпарат және байланыс (6,4%) салалары ең көп өсімді көрсетті.
| Ағымдағы бағаларда, млн.теңге | Өткен жылға қарағанда | Қорытындыға пайызбен | ||
| НКИ | дефлятор | |||
| Жалпы ішкі өнім | 159 608 552,9 | 106,5 | 109,7 | 100,0 |
| Тауарлар өндіру | 58 053 535,7 | 109,1 | 108,1 | 36,2 |
| Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 6 154 545,0 | 105,7 | 109,8 | 3,8 |
| Өнеркәсіп | 42 039 359,2 | 107,7 | 109,3 | 26,2 |
| Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу | 18 643 096,6 | 109,5 | 103,7 | 11,7 |
| Өңдеу өнеркәсібі | 20 627 624,0 | 107,0 | 113,8 | 12,8 |
| Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 2 397 589,7 | 102,0 | 116,5 | 1,5 |
| Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 371 048,9 | 93,6 | 120,3 | 0,2 |
| Құрылыс | 9 859 631,5 | 117,5 | 102,6 | 6,2 |
| Қызметтер өндіру | 92 225 140,9 | 104,9 | 111,0 | 58,0 |
| Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 31 900 246,9 | 108,1 | 113,5 | 20,0 |
| Көлік және жинақтау | 9 757 857,0 | 119,4 | 105,4 | 6,0 |
| Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 1 820 386,0 | 100,9 | 114,2 | 1,1 |
| Ақпарат және байланыс | 4 076 628,7 | 106,4 | 127,1 | 2,7 |
| Қаржы және сақтандыру қызметі | 5 608 633,0 | 103,1 | 117,0 | 3,4 |
| Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 15 016 782,9 | 101,6 | 127,7 | 9,4 |
| Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 4 697 543,9 | 93,7 | 117,9 | 3,1 |
| Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 3 416 188,4 | 95,4 | 111,5 | 2,2 |
| Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 3 003 133,0 | 101,5 | 112,5 | 1,9 |
| Білім беру | 4 850 431,1 | 102,3 | 82,8 | 3,0 |
| Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 2 925 088,2 | 102,4 | 70,1 | 1,8 |
| Өнер, ойын-сауық және демалыс | 1 527 393,5 | 101,4 | 119,8 | 1,0 |
| Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 3 338 676,2 | 97,2 | 108,2 | 2,2 |
| Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі | 286 152,1 | 90,6 | 107,7 | 0,2 |
| Жалпы қосылған құн | 150 278 676,6 | 106,5 | 109,9 | 94,2 |
| Өнімдерге салынатын таза салықтар | 9 329 876,3 | 105,3 | 106,9 | 5,8 |
| Өнімдерге салынатын салықтар | 9 903 977,6 | 105,5 | 107,7 | 6,2 |
| Өнімдерге берілген субсидиялар | 574 101,3 | 109,3 | 122,9 | 0,4 |
2025 жылы мұнайгаз секторының жалпы қосылған құны 24106408,2 млн.теңгені немесе ЖІӨ-нің 15,1% құрады. Нақты мәнде мұнай газ секторының ЖҚҚ көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 8,9%-ға ұлғайды.
Мұнайгаз секторының ЖҚҚ негізгі бөлігі бастапқы және үшінші секторларда қалыптасты, олардың ЖІӨ-дегі үлесі тиісінше 7,8% және 6,4% құрады.
Шикізат секторының ЖҚҚ 24797641,6 млн.теңгені немесе ЖІӨ-нің 15,5% құрады. Шикізат секторының нақты өсуі 8,5% құрады. Оның құрылымындағы ең үлкен үлесті тау-кен өнеркәсібі алды – ЖІӨ-нің 11,7%.
| Млн. теңге | Пайызбен | ||
| НКИ, өткен жылға | ЖІӨ-ге | ||
| Мұнайгаз секторы | |||
| Жалпы қосылған құн | 24 106 408,2 | 108,9 | 15,1 |
| Бірінші сектор | 12 445 154,7 | 113,1 | 7,8 |
| Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру; кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер | 12 445 154,7 | 113,1 | 7,8 |
| Екінші сектор | 1 433 920,4 | 104,5 | 0,9 |
| Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру | 1 140 712,0 | 106,6 | 0,7 |
| Мұнай және газ магистральдық құбырларын жүргізу бойынша құрылыс жұмыстары | 67 500,2 | 50,8 | 0,0 |
| Қосалқы қызметтерді қоса алғанда, жергілікті құбырларды жүргізу бойынша құрылыс жұмыстары | 225 708,2 | 126,3 | 0,1 |
| Өзге де құрылыс жұмыстары (қызметтері) | 140 746,7 | 103,6 | 0,1 |
| Үшінші сектор | 10 227 333,1 | 104,7 | 6,4 |
| Шикі мұнай мен ілеспе газды көтерме саудада сату | 1 674 401,3 | 96,8 | 1,0 |
| Табиғи (жанатын) газды көтерме саудада сату | 817 216,0 | 128,3 | 0,5 |
| Сұйық, газ тәрізді отындармен және осыған ұқсас өнімдермен көтерме сауда бойынша қызметтер, сыйақыға немесе шарттық негізде ұсынылатыннан басқа | 4 301 415,8 | 101,1 | 2,7 |
| Авиация бензинін және жермайды көтерме саудада сату | 107 176,9 | 136,2 | 0,1 |
| Дизель отынын көтерме саудада сату | 712 076,8 | 109,7 | 0,4 |
| Отын мазутын көтерме саудада сату | 53 761,1 | 98,0 | 0,0 |
| Мотор отындарымен бөлшек сауда бойынша қызметтер | 728 341,9 | 107,5 | 0,5 |
| Темір жол көлігінің мұнай өнімдерін вагон-цистерналарда тасымалдау бойынша қызметтері | 239 706,4 | 168,6 | 0,2 |
| Автомобиль көлігінің автоцистерналармен немесе жартылай тіркеме – автоцистерналармен мұнай өнімдерін тасымалдау бойынша қызметтері | 19 965,5 | 116,2 | 0,0 |
| Тазартылмаған немесе тазартылған мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау бойынша қызметтер | 457 606,7 | 119,0 | 0,3 |
| Табиғи газды құбырлармен тасымалдау бойынша қызметтер | 951 086,4 | 102,6 | 0,6 |
| Геологиялық барлау және ізденіс жүргізу бойынша қызметтер (ғылыми зерттеу және әзірлемелер жүргізбей, мұнай және газдың шыққан жерін зерттеу) | 18 975,8 | 819,5 | 0,0 |
| Танкер-кемелермен тазартылмаған мұнайды тасылмалдау бойынша теңіз көлігінің қызметтері | 94 430,1 | 67,2 | 0,1 |
| Пайдалы қазбаларды барлау және бағалау бойынша қызметтер | 24 923,2 | 100,8 | 0,0 |
| Жерүсті маркшейдерлік түсірілім бойынша қызметтер | 1 942,2 | 37,0 | 0,0 |
| Мұнай кен орындары үшін операторсыз машиналарды және жабдықтарды жалға беру бойынша қызметтері | 24 307,0 | 105,4 | 0,0 |
| Мұнайгаз емес секторы | |||
| Жалпы қосылған құн | 126 172 268,4 | 106,0 | 79,1 |
| Шикізаттық сектор | |||
| Жалпы қосылған құн | 24 797 641,6 | 108,5 | 15,5 |
| Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер ұсыну | 5 934 856,4 | 105,8 | 3,7 |
| Орман шаруашылығы және ағаш дайындау | 20 731,6 | 117,9 | 0,0 |
| Балық шаруашылығы және аквадақыл | 198 957,0 | 124,1 | 0,1 |
| Кен өндіру өнеркәсібі | 18 643 096,6 | 109,5 | 11,7 |
| Шикізаттық емес сектор | |||
| Жалпы қосылған құн | 125 481 035,0 | 125 481 035,0 | 125 481 035,0 |
ЖІӨ құрылымында 2025 жылы қызмет көрсету өндірісі ең үлкен үлесті – 58% сақтап қалды. Тауарлар өндірісінің үлесі 36,2% құрап, 2024 жылғы 35,9%-дан өсті. Өнімдерге салынатын таза салықтардың үлесі 6,1%-дан 5,8%-ға дейін төмендеді.
ЖІӨ өсіміне өнеркәсіп–2,04 пайыздық тармақ, көтерме және бөлшек сауда – 1,55 пайыздық тармақ, көлік және қоймалау – 1,09 пайыздық тармақ және құрылыс – 1,05 пайыздық тармақ үлкен үлес қосты.
2025 жылы (нақтыланған деректер бойынша) жан басына шаққандағы ЖІӨ 15006,4 АҚШ долларын құрады.
Динамикада бақыланбайтын экономика үлесінің жыл сайын 2021 жылғы 19,75% - дан 2025 жылы 15,69% - ға дейін төмендеуі тіркелді, оның ішінде ЖІӨ-нің 1,07% заңсыз қызмет үлесіне тиесілі.
| 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | 2025 | |
| Тауарлар өндіру | 6,26 | 7,01 | 5,35 | 5,18 | 4,64 |
| Қызметтер өндіру | 13,49 | 11,77 | 12,23 | 11,53 | 11,05 |
| Барлығы | 19,75 | 18,78 | 17,58 | 16,71 | 15,69 |
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.
Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.
Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.
Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.
Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.