2024 жылы қаңтар-маусымдағы өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын салықтар бойынша нақты өсім 3,5%, 3,4% және 1,1% құрады.
Ағымдағы бағаларда, млн.теңге | Өткен жылғы тиісті кезеңге, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
---|---|---|---|---|
НКИ | дефлятор | |||
Жалпы ішкі өнім | 52 342 740,3 | 103,2 | 107,4 | 100,0 |
Тауарлар өндіру | 18 845 719,1 | 103,5 | 104,3 | 35,9 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 1 319 477,6 | 103,1 | 100,3 | 2,5 |
Өнеркәсіп | 14 880 738,1 | 102,6 | 104,6 | 28,3 |
Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу | 7 336 487,4 | 100,1 | 108,0 | 14,0 |
Өңдеу өнеркәсібі | 6 492 927,4 | 105,1 | 99,9 | 12,3 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 905 060,6 | 106,1 | 113,0 | 1,7 |
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 146 262,7 | 99,3 | 112,4 | 0,3 |
Құрылыс | 2 645 503,4 | 108,6 | 104,8 | 5,1 |
Қызметтер өндіру | 29 808 499,9 | 103,4 | 112,8 | 57,1 |
Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 8 393 491,7 | 104,4 | 108,9 | 16,0 |
Көлік және жинақтау | 3 186 339,8 | 107,2 | 107,3 | 6,1 |
Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 445 555,7 | 104,8 | 112,6 | 0,8 |
Ақпарат және байланыс | 1 168 633,7 | 111,0 | 107,6 | 2,3 |
Қаржы және сақтандыру қызметі | 2 068 708,1 | 101,4 | 108,1 | 4,0 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 4 402 776,4 | 101,5 | 123,0 | 8,4 |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 2 153 141,9 | 101,0 | 117,0 | 4,1 |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 1 139 950,4 | 100,4 | 117,5 | 2,2 |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 1 205 117,2 | 101,8 | 113,8 | 2,3 |
Білім беру | 2 457 717,0 | 102,0 | 110,2 | 4,7 |
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 1 420 041,5 | 101,1 | 122,2 | 2,7 |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | 434 578,9 | 102,1 | 121,9 | 0,9 |
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 1 294 277,6 | 102,0 | 115,2 | 2,5 |
Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі | 38 170,0 | 102,3 | 108,9 | 0,1 |
Жалпы қосылған құн | 48 654 219,0 | 103,4 | 109,4 | 93,0 |
Өнімдерге салынатын таза салықтар | 3 688 521,3 | 101,1 | 86,4 | 7,0 |
Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2024 жылғы қаңтар-маусымдағы ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 35,9% және 57,1% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 28,3% алып отыр.
ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 3,2%-ға өсті. Ақпарат және байланыс (11%), Құрылыс (8,6%), Көлік және жинақтау (7,2%), Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау (6,1%), Өңдеу өнеркәсібі (5,1%) салалары ең көп өсімді көрсетті.
Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға,сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі -2,5%).
2021 жылғы II-тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.
2024 жылғы қаңтар- маусымдағы (есепті деректер) жан басына шаққандағы ЖІӨ 5800,4 АҚШ долларын құрады.
2023 жылы бақыланбайтын экономиканың өткен жылмен салыстырғанда ЖІӨ деңгейі 1,26%-ға қысқарды және ЖІӨ-ден 17,52% құрады, оның ішінде ЖІӨ-ден заңсыз қызмет үлесі 1,12%.
Бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі ең көп үлесін Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (3,53%), Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету (2,04%) және Ауыл, орман және балық шаруашылығы (1,96%), ең аз үлесін Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет (0,03%), Өнер, ойын-сауық және демалыс (0,08%), Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау (0,10%) салалары алды.
2019 | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | |
Тауарлар өндіру | 5,65 | 5,19 | 6,26 | 7,01 | 5,42 |
Қызметтер өндіру | 18,04 | 15,04 | 13,49 | 11,77 | 12,10 |
Барлығы | 23,69 | 20,23 | 19,75 | 18,78 | 17,52 |
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.
Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.
Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.
Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.
Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.