Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    119 442 289,7 млн.
    2023 жылғы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі (есепті деректер бойынша) 119442289,7 млн.теңгені құрады.
    5,1%
    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 5,1%-ға өсті.
    261 756,9 млн.
    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі орташа жылдық доллар бағамы бойынша есептелген ЖІӨ 261756,9 млн. АҚШ долларын құрады.
    Экономика салалары бойынша ЖІӨ

    2023 жылы өткен жылмен салыстырғанда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын таза салықтар бойынша нақты өсім 4,4%, 5,2% және 7,4% құрады.

    2023 жылғы өндіріс әдісімен ЖІӨ
      Ағымдағы бағаларда, млн.теңге Өткен жылға қарағанда Қорытындыға пайызбен
    НКИ дефлятор
    Жалпы ішкі өнім 119 442 289,7 105,1 111,2 100,0
    Тауарлар өндіру 43 301 995,5 104,4 100,6 36,2
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 4 568 671,3 92,6 100,4 3,8
    Өнеркәсіп 32 012 398,6 104,4 99,4 26,8
    Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу 15 365 189,3 104,8 96,4 13,0
    Өңдеу өнеркәсібі 14 677 293,6 104,0 101,4 12,2
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 690 003,0 105,4 110,4 1,4
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 279 912,7 101,1 111,2 0,2
    Құрылыс 6 720 925,6 115,1 107,1 5,6
    Қызметтер өндіру 67 299 123,5 105,2 119,6 56,4
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 21 816 414,2 107,9 118,6 18,2
    Көлік және жинақтау 6 716 351,2 116,8 114,0 5,6
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 1 305 506,8 103,8 119,6 1,1
    Ақпарат және байланыс 2 595 103,4 108,5 113,4 2,2
    Қаржы және сақтандыру қызметі 3 934 921,8 101,4 122,4 3,3
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 8 942 176,8 102,8 129,2 7,5
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 4 188 167,1 98,9 123,5 3,5
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 2 821 767,4 102,7 124,1 2,4
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 2 442 908,7 103,0 112,5 2,0
    Білім беру 5 337 072,7 102,3 123,6 4,5
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 3 490 168,7 101,8 115,7 2,9
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 1 047 193,4 95,1 119,6 0,9
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 2 460 139,8 97,3 109,4 2,1
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі 201 231,5 112,3 130,3 0,2
    Жалпы қосылған құн 110 601 119,0 104,9 111,4 92,6
    Өнімдерге салынатын таза салықтар 8 841 170,7 107,4 109,5 7,4
    Өнімдерге салынатын салықтар 9 180 745,3 107,6 109,7 7,7
    Өнімдерге берілген субсидиялар 339 574,6 113,7 115,9 0,3

    Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2023 жылғы ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 36,2% және 56,4% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы 26,8% алып отыр.

    2023 жылғы мұнайгаз және шикізат секторлары
      млн. теңге Пайызбен
    НКИ, өткен жылға ЖІӨ-ге
    Мұнайгаз секторы
    Жалпы қосылған құн 20 173 172,0 108,3 16,9
    Бірінші сектор 10 887 556,7 106,4 9,1
    Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру; кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер 10 887 556,7 106,4 9,1
    Екінші сектор 1 163 205,6 103,8 1,0
    Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 974 455,0 100,1 0,8
    Мұнай және газ магистральдық құбырларын жүргізу бойынша құрылыс жұмыстары 51 350,2 180 0,0
    Қосалқы қызметтерді қоса алғанда, жергілікті құбырларды жүргізу бойынша құрылыс жұмыстары 137 400,4 119,6 0,1
    Үшінші сектор 8 122 409,7 112,1 6,8
    Шикі мұнай мен ілеспе газды көтерме саудада сату 1 670 194,5 110,4 1,4
    Табиғи (жанатын) газды көтерме саудада сату 277 748,7 91,7 0,2
    Сұйық, газ тәрізді отындармен және осыған ұқсас өнімдермен көтерме сауда бойынша қызметтер, сыйақыға немесе шарттық негізде ұсынылатыннан басқа 3 618 765,4 126,8 3,0
    Авиация бензинін және жермайды көтерме саудада сату 39 017,4 133,9 0,0
    Дизель отынын көтерме саудада сату 315 962,6 63,9 0,3
    Отын мазутын көтерме саудада сату 23 192,2 43,5 0,0
    Мотор отындарымен бөлшек сауда бойынша қызметтер 531 129,3 104,6 0,4
    Темір жол көлігінің мұнай өнімдерін вагон-цистерналарда тасымалдау бойынша қызметтері 178 896,7 146,8 0,1
    Автомобиль көлігінің автоцистерналармен немесе жартылай тіркеме – автоцистерналармен мұнай өнімдерін тасымалдау бойынша қызметтері 16 424,5 95,9 0,0
    Тазартылмаған немесе тазартылған мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау бойынша қызметтер 363 567,7 107,7 0,3
    Табиғи газды құбырлармен тасымалдау бойынша қызметтер 874 601,0 94,7 0,7
    Геологиялық барлау және ізденіс жүргізу бойынша қызметтер (ғылыми зерттеу және әзірлемелер жүргізбей, мұнай және газдың шыққан жерін зерттеу) 5 294,4 154,9 0,0
    Танкер-кемелермен тазартылмаған мұнайды тасылмалдау бойынша теңіз көлігінің қызметтері 142 826,4 112 0,1
    Пайдалы қазбаларды барлау және бағалау бойынша қызметтер 15 660,5 32,5 0,0
    Жерүсті маркшейдерлік түсірілім бойынша қызметтер 89,0 96,5 0,0
    Мұнай кен орындары үшін операторсыз машиналарды және жабдықтарды жалға беру бойынша қызметтері 49 039,4 290,7 0,0
    Мұнайгаз секторын қоспағандағы Жалпы қосылған құн 90 427 947,0 104 75,7
    Шикізаттық сектор
    Жалпы қосылған құн 19 933 860,6 101,8 16,7
    Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер ұсыну 4 386 774,4 91,6 3,7
    Орман шаруашылығы және ағаш дайындау 14 799,7 118,4 0,0
    Балық шаруашылығы және аквадақыл 167 097,2 117,5 0,1
    Кен өндіру өнеркәсібі 15 365 189,3 104,8 12,9
    Шикізаттық емес сектор
    Жалпы қосылған құн 90 667 258,4 105,7 75,9
    ЖІӨ нақты өсімі

    ЖІӨ өткен жылмен салыстырғанда нақты мәнде 5,1%-ға өсті. Көлік және жинақтау (16,8%), Құрылыс (15,1%), Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі (12,3%), Ақпарат және байланыс (8,5%), Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (7,9%), Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстықсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау (5,4%), Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу (4,8%), салалары ең көп өсімді көрсетті.

    Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға,сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі -2,5%).

    2021 жылғы II-тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.

    Жан басына шаққандағы ЖІӨ

    2023 жылы (есепті деректер бойынша) жан басына шаққандағы ЖІӨ 13 153,4 АҚШ долларын құрады.

    Динамикалық кестелер:
    Бақыланбайтын экономика

    2023 жылғы бақыланбайтын экономиканың деңгейі ЖІӨ-ден 17,58% құрады, оның ішінде ЖІӨ-ден заңсыз қызмет үлесі 1,2%.

    Бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі ең көп үлесін Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (3,54%), Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету (2,05%) және Ауыл, орман және балық шаруашылығы (1,88%), ең аз үлесін Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет (0,03%), Өнер, ойын-сауық және демалыс (0,08%), Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау (0,10%) салалары алды.

    Бақыланбайтын экономика динамикасы
    ЖІӨ-ден пайызбен
      2019 2020 2021 2022 2023
    Тауарлар өндіру 5,65 5,19 6,26 7,01 5,35
    Қызметтер өндіру 18,04 15,04 13,49 11,77 12,23
    Барлығы 23,69 20,23 19,75 18,78 17,58
    Динамикалық кестелер:
    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.

    Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.

    Пайдалы сілтемелер
    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е.Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    З.А. Жүнісова, С.О. Кішкенінова,
    Д.К.Ибраева
    Тел. +7 7172 74 93 02
    E-mail:
    z.shigambaeva@aspire.gov.kz
    s.kishkeninova@aspire.gov.kz
    d.ibraeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші