2024 жылы қаңтар-қыркүйектегі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын салықтар бойынша нақты өсім 4,9%, 4,1% және 0,7% құрады.
Ағымдағы бағаларда, млн.теңге | Өткен жылғы тиісті кезеңге, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
НКИ | дефлятор | |||
Жалпы ішкі өнім | 84 962 626,1 | 104,1 | 108,0 | 100,0 |
Тауарлар өндіру | 30 897 192,8 | 104,9 | 104,7 | 36,2 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 3 420 995,9 | 110,8 | 99,7 | 4,0 |
Өнеркәсіп | 22 890 711,3 | 103,1 | 105,7 | 26,8 |
Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу | 11 197 477,3 | 101,3 | 108,1 | 13,2 |
Өңдеу өнеркәсібі | 10 128 056,0 | 104,9 | 102,2 | 11,7 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 1 334 752,5 | 105,5 | 112,3 | 1,6 |
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 230 425,5 | 98,4 | 115,7 | 0,3 |
Құрылыс | 4 585 485,6 | 110,1 | 103,5 | 5,4 |
Қызметтер өндіру | 48 062 346,2 | 104,1 | 112,8 | 56,7 |
Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 13 770 226,0 | 106,5 | 108,6 | 16,3 |
Көлік және жинақтау | 4 760 688,6 | 108,0 | 106,5 | 5,6 |
Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 670 471,2 | 101,5 | 114,4 | 0,8 |
Ақпарат және байланыс | 1 782 258,5 | 110,9 | 106,7 | 2,2 |
Қаржы және сақтандыру қызметі | 3 238 362,6 | 101,9 | 112,0 | 3,8 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 7 374 629,1 | 102,8 | 121,5 | 8,6 |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 2 939 199,9 | 101,3 | 114,9 | 3,4 |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 1 792 873,3 | 101,4 | 111,0 | 2,2 |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 1 831 082,3 | 102,5 | 115,4 | 2,2 |
Білім беру | 4 287 170,5 | 102,0 | 117,1 | 5,0 |
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 2 295 568,2 | 101,4 | 114,6 | 2,7 |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | 676 553,1 | 101,5 | 117,8 | 0,8 |
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 2 583 401,6 | 99,4 | 118,8 | 3,0 |
Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі | 59 861,3 | 102,5 | 108,7 | 0,1 |
Жалпы қосылған құн | 78 959 539,0 | 104,5 | 109,5 | 92,9 |
Өнімдерге салынатын таза салықтар | 6 003 087,1 | 100,7 | 91,4 | 7,1 |
Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 36,2% және 56,7% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 26,8% алып отыр.
ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 4,1%-ға өсті. Ақпарат және байланыс (10,9%), Ауыл, орман және балық шаруашылығы (10,8%), Құрылыс (10,1%), Көлік және жинақтау (8,0%), Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (6,5%), Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау (5,5%) салалары ең көп өсімді көрсетті.
Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға,сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі -2,5%).
2021 жылғы II-тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі (есепті деректер) жан басына шаққандағы ЖІӨ 9204,3 АҚШ долларын құрады.
2023 жылы бақыланбайтын экономиканың өткен жылмен салыстырғанда ЖІӨ деңгейі 1,26%-ға қысқарды және ЖІӨ-ден 17,52% құрады, оның ішінде ЖІӨ-ден заңсыз қызмет үлесі 1,12%.
Бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі ең көп үлесін Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (3,53%), Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету (2,04%) және Ауыл, орман және балық шаруашылығы (1,96%), ең аз үлесін Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет (0,03%), Өнер, ойын-сауық және демалыс (0,08%), Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау (0,10%) салалары алды.
2019 | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | |
Тауарлар өндіру | 5,65 | 5,19 | 6,26 | 7,02 | 5,42 |
Қызметтер өндіру | 18,04 | 15,04 | 13,49 | 11,29 | 12,10 |
Барлығы | 23,69 | 20,23 | 19,75 | 18,31 | 17,52 |
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.
Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.
Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.
Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.
Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.