Ағымдағы бағада, млн. теңге |
Өткен жылға, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
нақты көлем индексі | дефлятор | |||
Түпкілікті тұтынуға шығыстар | 75 534 844,5 | 108,0 | 114,3 | 64,3 |
үй шаруашылықтарының | 61 347 070,4 | 107,6 | 114,5 | 52,3 |
мемлекеттік басқару органдарының | 13 815 191,6 | 110,4 | 113,2 | 11,7 |
жеке тауарлар мен қызмет көрсетулерге | 7 311 373,7 | 109,7 | 115,1 | 6,2 |
ұжымдық қызмет көрсетулерге | 6 503 817,9 | 111,3 | 111,1 | 5,5 |
үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың | 372 582,5 | 96,1 | 111,7 | 0,3 |
Жалпы қорланым | 33 631 527,4 | 116,4 | 115,0 | 28,6 |
негізгі капиталдың жалпы қорланымы | 29 811 815,9 | 117,1 | 114,6 | 25,4 |
материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі | 3 778 012,4 | - | 117,9 | 3,2 |
шығарылуын шегергендегі құндылықтарды сатып алу | 41 699,1 | - | - | 0,04 |
Таза экспорт | 8 321 390,4 | - | - | 7,1 |
тауарлар мен қызмет көрсету экспорты | 41 387 443,1 | 101,4 | 94,6 | 35,2 |
тауарлар мен қызмет көрсету импорты | 33 066 052,7 | 116,2 | 102,4 | 28,1 |
Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім | 117 487 762,3 | 105,1 | 110,0 | 100,0 |
Өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім | 119 748 439,1 | 105,1 | 111,5 | - |
Статистикалық алшақтық* | 2 260 676,8 | - | 1,5 | - |
*Статистикалық алшақтық - бұл өндіріс әдісімен және түпкілікті пайдалану әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім арасындағы айырмашылық.
2023 жылғы ЖІӨ құрылымында түпкілікті тұтыну компоненттері бойынша шығыстардың үлесі 64,3%, жалпы қорланым – 28,6%, таза экспорт – 7,1% құрады.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының 7,6%-ға және мемлекеттік басқару органдарының шығыстарының 10,4%-ға өсуі есебінен түпкілікті тұтыну шығыстарының компоненті нақты мәнде 8%-ға өсуі байқалады.
Негізгі капиталдың жалпы қорланымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,1%-ға өсуді көрсетті.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын Ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Түпкілікті тұтыну – жекелеген үй шаруашылықтары немесе жалпы қоғам олардың жеке немесе ұжымдық қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін толығымен пайдаланған тауарлар мен қызметтерді тұтыну.
Жалпы қорланым – негізгі капиталдың жалпы қорланымының, материалдық айналым құралдары қорлары өзгеруінің және олардың шығуын шегергендегі құндылықтарды сатып алудың жалпы құны.
Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім барлық экономикалық секторлардың түпкілікті тұтынуға, жалпы қорланымға және таза экспортқа жұмсаған шығыстардың сомасы болып табылады.