Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    119 442 289,7 млн.
    2023 жылғы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі 119442289,7 млн.теңгені құрады.
    5,1%
    Өткен жылмен салыстырғанда нақты мәнде 5,1% ға өсті.
    13,1%
    Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) жоғары өсім қарқыны Жетісу облысында (13,1%), Алматы қаласында (8,9%) және Атырау облысында (7,3%) байқалды.
    Өңірлер бөлінісіндегі ЖІӨ құрылымы

    2023 жылғы ЖІӨ құрылымындағы ең жоғарғы үлесті Алматы қаласы (21,1%), Атырау облысы (12,8%) және Астана қаласы (10,9%) алды.

    2023 жылғы өңірлер бөлінісіндегі жалпы ішкі өнім (ЖӨӨ)
    Жалпы өңірлік өнім
    млн.теңге өңірлердің ЖІӨ-дегі үлес салмағы, пайызбен нақты көлем индексі, өткен жылға, пайызбен жан басына шаққандағы ЖӨӨ,
    мың теңге
    жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің орналасу тәртібі
    Қазақстан Республикасы 119 442 289,7 100,0 105,1 6 002,0
    Абай 2 626 326,7 2,2 105,5 4 313,3 13
    Ақмола 3 668 371,9 3,1 99,5 4 655,3 11
    Ақтөбе 4 187 587,9 3,5 98,9 4 484,5 12
    Алматы 5 322 132,0 4,5 103,3 3 504,8 15
    Атырау 15 237 721,6 12,8 107,3 21 812,5 1
    Батыс Қазақстан 5 014 788,3 4,2 106,9 7 260,5 5
    Жамбыл 2 926 010,6 2,4 102,1 2 397,6 19
    Жетісу 1 809 417,6 1,5 113,1 2 591,0 18
    Қарағанды 7 711 828,2 6,5 102,4 6 793,9 6
    Қостанай 4 436 636,1 3,7 102,6 5 338,2 10
    Қызылорда 2 573 511,3 2,2 104,7 3 071,8 17
    Маңғыстау 4 798 701,0 4,0 103,0 6 176,2 7
    Павлодар 4 371 041,7 3,7 101,5 5 793,8 9
    Солтүстік Қазақстан 2 227 596,3 1,9 99,7 4 186,4 14
    Түркістан 3 831 527,6 3,2 102,2 1 798,2 20
    Ұлытау 1 969 727,3 1,5 99,6 8 892,6 4
    Шығыс Қазақстан 4 459 056,1 3,7 103,8 6 119,6 8
    Астана қаласы 12 960 836,0 10,9 105,0 9 308,7 3
    Алматы қаласы 25 229 706,8 21,1 108,9 11 492,7 2
    Шымкент қаласы 4 079 764,7 3,4 105,1 3 379,7 16

    2023 жылғы жан басына шаққандағы ЖІӨ 6002,0 мың теңгені құрады. Өңірлер бөлінісінде бастапқы қатарды Атырау облысы (21812,5 мың теңге), Алматы қаласы (11492,7 мың теңге) және Астана қаласы (9308,7 мың теңге) алды, ал соңғы қатарларды Түркістан (1798,2 мың теңге), Жамбыл (2397,6 мың теңге) және Жетісу (2591,0 мың теңге) облыстары алды.

    2023 жылғы өңірлер бөлінісіндегі жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (жан басына шаққандағы ЖӨӨ)
    мың теңге
    2023 жыл

    ЖІӨ-нің өсуіне Алматы қаласы (1,72 п.т.), Атырау облысы (1,02 п.т.) және Астана қаласы (0,57 п.т.) ең үлкен үлес қосты. Ең аз үлес Ақтөбе облысында (-0,05 п.т.) байқалады.

    Бақыланбайтын экономика

    2023 жылы бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ–гі үлесі 17,58%-ды құрады.

    Бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі ең көп үлесін Алматы қаласы (3,83%), Астана қаласы (2,13% ) және Атырау облысында (1,20%), ең аз үлесін Ұлытау (0,20%), Абай (0,38%) және Жетісу (0,41%) облыстарында байқалады.

    Динамикалық кестелер:
    Глоссарий

    Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ)– белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және нарықтық бағамен есептелетін жекелеген өңірдің резидент-өндіруші бірліктерінің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.

    Жалпы қосылған құн- экономиканың жекеленген өндірушілері, салалары немесе секторлары енгізген ЖІӨ-ге қосатын үлестің көрсеткіші ретінде қызмет ететін аралық тұтыну құнын шегергендегі жалпы өнімнің құны.

    Жалпы шығарылым- есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну -өндіріс процесінде түрленетін немесе түгелдей тұтынылатын тауарлар мен қызметтердің құны.

    Қосқан үлесі – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынатын салықтарға мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет құнына тікелей байланысты салықтар жатады.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Жалпы өңірлік өнім - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір өңірдің түпкілікті тауарлары мен қызметтерінің құнын білдіреді. ЖӨӨ өндіріс әдісімен есептеледі және экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы қосылған құнының сомасын білдіреді және таза салықтарды қамтиды. ЖӨӨ сомасы Жалпы ішкі өнімге тең болуы тиіс.

    Пайдалы сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    Ж.Қ.Сүлейменова,
    Ә.Б. Қабылбекова,
    Н.Ш. Тастан
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: .suleimenova@aspire.gov.kz,
    a.kabylbekova@aspire.gov.kz,
    n.tastan@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел көшесі, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші