2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанданақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен құрылыс (113,3%), сауда (111,3%) және байланыс (107,1%) салалары болды.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен ауыл шаруашылығы (92,3%), өнеркәсіп (104,3%) және көлік және жинақтау (106,9%)салалары болды.
2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанғақарағандабасым өңірлер бойынша ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Теріс өсім Ұлытау (97,5%), Солтүстік Қазақстан (97,8%), Ақмола (97,9%) және Ақтөбе (99%) облыстарында қалыптасты. Ал ең үлкен өсім қарқынынЖетісу облысы (117,4%), Алматы қаласы (112,2%) және Атырау(110,2%) көрсетті.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.