Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    103,7%
    2024 жылғы қаңтар-мамырда 2023 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор(ҚМИ) 103,7% құрады.
    Өңірлер бөлінісіндегі және салалар бойынша ҚМИ

    2024 жылғы қаңтар-мамырда 2023 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен байланыс (108,7%), құрылыс (108,1%) және көлік және жинақтау (107,1%) салалары болды.

    Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен ауыл шаруашылығы (101,6%), өнеркәсіп (103,0%) және сауда (103,1%) салалары болды.

    2024 жылғы қаңтар-мамырда 2023 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда басым өңірлер бойынша ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Теріс өсім Атырау (95,5%), Жамбыл (97,5%) және Маңғыстау (99,5%) облыстарында қалыптасты. Ал ең үлкен өсім қарқынын Астана қаласы (112,7%), Ақтөбе облысы (112,4%) және Жетісу (111,1%) облысы көрсетті.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

    Қатысты басылымдарға сілтемелер
    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Нақыпбеков Ә.Е.
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    Д. Күмісбек
    Тел. +7 7172 74 93 02
    E-mail: [email protected]
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші