Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    350 542
    2023 жылғы III тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2022 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 16,9%-ға өсіп, 350 542 теңгені құрады.
    231 076
    Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні бағалау бойынша 2023 жылдың III тоқсанында 231 076 теңгені құрады.
    70 000
    2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 70000 теңге мөлшерінде белгіленді.
    Жалақы динамикасы

    Өткен тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 4,1%-ға азайды, нақты жалақы индексі 94,3% құрады.

    2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 16,9%-ға өсті, нақты жалақы индексі 103,5% құрады.

    Қазақстан Республикасындағы тоқсандар бойынша атаулы және нақты жалақы индексі
    2023ж. III тоқсан
    Қазақстан Республикасындағы жалақы
    Айлық жалақының орташа мәні Нақты жалақы индексі, пайызбен Айлық жалақының медианалық мәні (бағалау), теңге
    теңге пайызбен
    өткен тоқсанға өткен жылғы тиiстi тоқсанға өткен тоқсанға өткен жылғы тиiстi тоқсанға
    2022
    I тоқсан 285 433 103,6 123,7 100,5 112,7 188 156
    II тоқсан 312 011 109,3 124,0 102,9 108,9 205 676
    III тоқсан 299 782 96,1 123,0 92,2 105,8 197 615
    IV тоқсан 338 715 113,0 122,9 107,9 102,8 223 279
    2023
    I тоқсан 340 556 100,5 119,3 97,1 99,4 224 493
    II тоқсан 365 502 107,3 117,1 104,7 101,2 240 937
    III тоқсан 350 542 95,9 116,9 94,3 103,5 231 076

    Өңірлік бөліністе 2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2023 жылдың III тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Жетісу облысында – 21,1%, Алматы қаласында – 20,8%, Қызылорда облысында – 20,7% құрады. Ең төменгі өсім Алматы облысында – 8,5% және Солтүстік Қазақстан облысында – 11,3% байқалды.

    2023 жылғы III тоқсандағы өңірлер бойынша қызметкерлердің айлық жалақысының орташа мәні
    2023ж. III тоқсан

    2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ақпарат және байланыс – 28,8%, қаржы және сақтандыру қызметі – 24,9%, өнер, ойын-сауық және демалыс – 20,7%, көлік және жинақтау – 20,3% салаларында байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 18,6%-ға, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында – 18,2%-ға өсті.

    2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең төменгі өсуі ауыл, орман және балық шаруашылығы – 7,6%, білім беру – 11% салаларында байқалды.

    Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда орташа республикалық деңгейден – 2,2 есе, қаржы және сақтандыру қызметінде – 1,9 есе, ақпарат және байланыста – 1,5 есе, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – тиісінше 1,5 есе жоғары болып тіркелді.

    2023 жылғы III тоқсандағы экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы*
    Орташа айлық атаулы жалақысы Нақты жалақы индексі, пайызбен
    теңге пайызбен
    өткен тоқсанға 2022 жылғы тиісті тоқсанға өткен тоқсанға 2022 жылғы тиісті тоқсанға
    Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша 350 542 95,9 116,9 94,3 103,5
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 236 665 105,2 107,6 103,4 95,3
    Өнеркәсіп 492 997 105,8 118,6 104,0 105,0
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 756 687 106,4 116,5 104,6 103,2
    Өңдеу өнеркәсібі 414 663 105,0 119,8 103,2 106,1
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 326 049 107,0 125,3 105,2 111,0
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 239 248 109,0 127,5 107,2 112,9
    Құрылыс 484 169 108,5 114,5 106,7 101,4
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 317 593 103,7 118,8 102,0 105,2
    Көлік және жинақтау 474 031 104,9 120,3 103,1 106,6
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 303 758 103,3 112,5 101,6 99,6
    Ақпарат және байланыс 525 812 96,2 128,8 94,6 114,1
    Қаржы және сақтандыру қызметі 668 907 93,8 124,9 92,2 110,6
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 251 725 103,4 117,7 101,7 104,3
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 511 149 104,5 115,0 102,8 101,9
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 362 107 103,0 117,2 101,3 103,8
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 299 682 99,5 120,2 97,8 106,5
    Білім беру 247 439 76,6 111,0 75,3 98,3
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 289 725 97,1 118,2 95,5 104,7
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 226 546 105,5 120,7 103,7 106,9
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 293 290 100,0 117,8 98,3 104,3
    * Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда.
    Кәсіпорындардағы бос жұмыс орны және жұмыс күшінің қозғалысы

    2023 жылдың III тоқсанының соңында кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос жұмыс орындарының (талап етілетін қызметкерлердің) саны 55 860 бірлікті құрады және өткен тоқсанымен салыстырғанда 1 396 бірлікке өсті. Оның ішінде салалық құрылымда 28,8% өнеркәсіптегі бос орындарды құрайды, 18,7% – мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті элеуметтік қамсыздандырудағы және 12,5% – көлік және жинақтаудағы бос орындар.

    Өңірлер арасында бос орындар саны бойынша Алматы қаласы – 12 809 бірлік, Астана қаласы – 7 542 бірлік, сондай–ақ Павлодар облысы – 4 732 бірлік және Қарағанды облысы – 3 842 бірлік көшбасшы болып табылады.

    Глоссарий

    Жалақы - бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.

    ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:

    1) тарифтік мөлшерлеме мен лауазымдық айлықақылар бойынша есептелген жалақы;

    2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;

    3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;

    4) Жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.

    Орташа айлық атаулы жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.

    Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.

    Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, қызметкерлердің саны 100 адамнан асатын, сондай-ақ «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» (индексі 2-МП) статистикалық нысан бойынша есеп беретіндерден басқа, саны 100 адамға дейін экономикалық қызметтің барлық түрлерінің заңды тұлғалары мен олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері еңбекақы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық байқаулардың объектілері болып табылады.

    Орташа айлық жалақыны, жалақы қорының құрамын, жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған шығындарын мемлекеттік статистикалық байқаулар үздіксіз әдіспен жүргізіледі.

    Орташа айлық жалақы туралы деректердің көзі "Еңбек бойынша есеп"(индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық, жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Осы статистикалық байқау бойынша барлық ірі, орта және шағын (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) тексеруге жатады.

    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Белоносова
    Тел. +7 7172 749022
    Орындаушы:
    А.Сагнаева
    Тел. +7 7172 749554
    E-mail: a.sagnaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, г. Астана
    Мәңгілік ел даңғылығы, 8
    Министерліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші