2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 10,0%-ға өсті.
| Айлық жалақының орташа мәні | Нақты жалақы индексі, пайызбен | Айлық жалақының медианалық мәні (бағалау), теңге | ||||
| теңге | пайызбен | |||||
| өткен тоқсанға | өткен жылғы тиiстi тоқсанға | өткен тоқсанға | өткен жылғы тиiстi тоқсанға | |||
| 2024 | ||||||
| I тоқсан | 382 279 | 97,1 | 112,3 | 94,6 | 102,7 | 269 400 |
| II тоқсан | 403 251 | 105,5 | 110,3 | 103,7 | 101,7 | 284 180 |
| III тоқсан | 390 328 | 96,8 | 111,3 | 95,3 | 102,7 | 275 073 |
| IV тоқсан | 434 982 | 111,4 | 110,5 | 108,9 | 101,8 | 306 541 |
| 2025 | ||||||
| I тоқсан | 423 133 | 97,3 | 110,7 | 94,0 | 101,2 | 298 191 |
| II тоқсан | 448 620 | 106,0 | 111,3 | 102,4 | 100,0 | 316 152 |
| III тоқсан | 429 368 | 95,7 | 110,0 | 93,3 | 98,0 | 302 584 |
Өңірлік бөліністе 2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың IIІ тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Жетісу облысында – 18,1%-ға, Алматы қаласында – 15,9%-ға, Астана қаласында - 13%-ға, Павлодар облысында – 12,4%-ға және Ақмола облысында - 11,7% -ды құрады
2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ақпарат және байланыс – 21,5%, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 18,4%, көлік және жинақтау – 17,6% салаларында байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 11,0%-ға өсті, оның ішігде сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында – 15,5%-ға, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 14,5%-ға өсті.
2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең төменгі өсуі, құрылыс саласында – 2,5%-ға, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаласында – 5,0%-ға және тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 6,2%-ға байқалды.
Салалық құрылымда орташа республикалық деңгейден жоғары ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда– 2,1 есе, ақпарат және байланыста – 1,9 есе, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде – 1,5 есе жоғары болып тіркелді.
| Орташа айлық атаулы жалақысы | Нақты жалақы индексі, пайызбен | ||||
| теңге | пайызбен | ||||
| өткен тоқсанға | 2024 жылғы тиісті тоқсанға | өткен тоқсанға | 2024 жылғы тиісті тоқсанға | ||
| Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша | 429 368 | 95,7 | 110,0 | 93,3 | 98,0 |
| Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 335 982 | 108,1 | 118,4 | 105,4 | 105,4 |
| Өнеркәсіп | 622 371 | 102,9 | 111,0 | 100,3 | 98,8 |
| Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 922 274 | 103,8 | 108,0 | 101,2 | 96,2 |
| Өңдеу өнеркәсібі | 535 172 | 102,3 | 113,6 | 99,7 | 101,2 |
| Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 450 298 | 101,4 | 114,5 | 98,8 | 102,0 |
| Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 326 807 | 104,9 | 115,5 | 102,2 | 102,8 |
| Құрылыс | 522 618 | 106,6 | 102,5 | 103,9 | 91,3 |
| Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 417 695 | 103,7 | 116,0 | 101,1 | 103,3 |
| Көлік және жинақтау | 625 844 | 106,1 | 117,6 | 103,4 | 104,7 |
| Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 353 630 | 102,0 | 106,2 | 99,4 | 94,6 |
| Ақпарат және байланыс | 818 114 | 99,8 | 121,5 | 97,3 | 108,2 |
| Қаржы және сақтандыру қызметі | 883 611 | 92,5 | 106,3 | 90,2 | 94,7 |
| Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 347 746 | 105,4 | 116,4 | 102,7 | 103,7 |
| Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 637 570 | 102,1 | 107,5 | 99,5 | 95,7 |
| Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 359 722 | 99,9 | 100,1 | 97,4 | 89,1 |
| Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 354 182 | 98,7 | 111,6 | 96,2 | 99,4 |
| Білім беру | 290 891 | 77,8 | 107,0 | 75,8 | 95,3 |
| Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 328 504 | 96,7 | 105,0 | 94,2 | 93,5 |
| Өнер, ойын-сауық және демалыс | 305 088 | 101,1 | 114,2 | 98,5 | 101,7 |
| Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 361 936 | 100,1 | 109,4 | 97,6 | 97,4 |
2025 жылдың IІI тоқсанының соңында кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос жұмыс орындарының (талап етілетін қызметкерлердің) саны 63871 бірлікті құрады және өткен тоқсанымен салыстырғанда 1572 бірлікке өсті. Оның ішінде салалық құрылымда 28,9% – өнеркәсіптегі бос орындарды құрайды, 15,5% – мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыруда және 10,6% – көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуде.
Өңірлер арасында бос орындар саны бойынша Алматы қаласы – 15471 бірлікке, Астана қаласы – 7550 бірлікке, сондай-ақ Павлодар облысын – 6800 бірлікке көшбасшылар болып табылады.
Жалақы - бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:
2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;
3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;
4) Жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.
Орташа айлық атаулы жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.
Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.
Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.
Тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, қызметкерлердің саны 100 адамнан асатын, сондай-ақ «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» (индексі 2-МП) статистикалық нысан бойынша есеп беретіндерден басқа, саны 100 адамға дейін экономикалық қызметтің барлық түрлерінің заңды тұлғалары мен олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері еңбекақы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық байқаулардың объектілері болып табылады.
Орташа айлық жалақыны, жалақы қорының құрамын, жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған шығындарын мемлекеттік статистикалық байқаулар үздіксіз әдіспен жүргізіледі.
Орташа айлық жалақы туралы деректердің көзі "Еңбек бойынша есеп"(индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық, жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Осы статистикалық байқау бойынша барлық ірі, орта және шағын (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) тексеруге жатады.