2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 11,3%-ға өсті, нақты жалақы индексі 102,7% құрады.
Өткен тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 3,2%-ға төмендеді, нақты жалақы индексі 95,3% құрады.
Айлық жалақының орташа мәні | Нақты жалақы индексі, пайызбен | Айлық жалақының медианалық мәні (бағалау), теңге | ||||
теңге | пайызбен | |||||
өткен тоқсанға | өткен жылғы тиiстi тоқсанға | өткен тоқсанға | өткен жылғы тиiстi тоқсанға | |||
2023 | ||||||
I тоқсан | 340556 | 100,5 | 119,3 | 97,1 | 99,4 | 235 028 |
II тоқсан | 365502 | 107,3 | 117,1 | 104,7 | 101,2 | 252 244 |
III тоқсан | 350542 | 95,9 | 116,9 | 94,3 | 103,5 | 241 920 |
IV тоқсан | 393605 | 112,3 | 116,2 | 109,9 | 105,3 | 271 639 |
2024 | ||||||
I тоқсан | 382279 | 97,1 | 112,3 | 94,6 | 102,7 | 263 823 |
II тоқсан | 403251 | 105,5 | 110,3 | 103,7 | 101,7 | 278 296 |
III тоқсан | 390328 | 96,8 | 111,3 | 95,3 | 102,7 | 269 378 |
Өңірлік бөліністе 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың III тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Шымкент қаласында – 16,1%-ға, Алматы қаласында – 15,2%-ға, Абай және Ақтөбе облыстарында – 14,2%-ға, Қостанай облысында – 14,0%-ды құрады.
2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ақпарат және байланыста – 28,1 есе, қаржы және сақтандыру қызметі – 24,3%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 18,7%-ға, өнер, ойын-сауық және демалыс – 18,0%-ға, салаларында байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 13,8%-ға өсті, оның ішінде электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында – 20,6%-ға, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында – 18,3%-ға.
2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең төменгі өсуі, мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру– 5,9%-ға, құрылыс– 5,3%-ға салаларында байқалды.
Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда– 2,2 есе, қаржы және сақтандыру қызметі – 2,1 есе, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде – тиісінше 1,5 есе , көлік және жинақтауда – 1,4 есе жоғары болып тіркелді.
Орташа айлық атаулы жалақысы | Нақты жалақы индексі, пайызбен | ||||
теңге | пайызбен | ||||
өткен тоқсанға | 2023 жылғы тиісті тоқсанға | өткен тоқсанға | 2023 жылғы тиісті тоқсанға | ||
Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша | 390 328 | 96,8 | 111,3 | 95,3 | 102,7 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 283 801 | 112,9 | 119,9 | 111,1 | 110,6 |
Өнеркәсіп | 560 826 | 105,1 | 113,8 | 103,4 | 105,0 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 854 142 | 107,1 | 112,9 | 105,4 | 104,2 |
Өңдеу өнеркәсібі | 471 222 | 103,4 | 113,6 | 101,8 | 104,8 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 393 270 | 103,6 | 120,6 | 102,0 | 111,3 |
Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 282 964 | 104,8 | 118,3 | 103,1 | 109,1 |
Құрылыс | 509 788 | 103,2 | 105,3 | 101,6 | 97,1 |
Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 360 192 | 103,9 | 113,4 | 102,3 | 104,6 |
Көлік және жинақтау | 531 960 | 104,5 | 112,2 | 102,9 | 103,5 |
Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 332 998 | 104,8 | 109,6 | 103,1 | 101,1 |
Ақпарат және байланыс | 673 345 | 101,8 | 128,1 | 100,2 | 118,2 |
Қаржы және сақтандыру қызметі | 831 462 | 94,6 | 124,3 | 93,1 | 114,7 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 298 822 | 101,3 | 118,7 | 99,7 | 109,5 |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 593 349 | 107,9 | 116,1 | 106,2 | 107,1 |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 359 375 | 103,1 | 99,2 | 101,5 | 91,5 |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 317 275 | 100,2 | 105,9 | 98,6 | 97,7 |
Білім беру | 271 982 | 78,5 | 109,9 | 77,3 | 101,4 |
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 312 986 | 99,3 | 108,0 | 97,7 | 99,6 |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | 267 218 | 102,4 | 118,0 | 100,8 | 108,9 |
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 330 938 | 100,1 | 112,8 | 98,5 | 104,1 |
2024 жылдың III тоқсанының соңында кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос жұмыс орындарының (талап етілетін қызметкерлердің) саны 58 652 бірлікті құрады және өткен тоқсанымен салыстырғанда 2806 бірлікке төмендеді. Оның ішінде салалық құрылымда 31,1% өнеркәсіптегі бос орындарды құрайды, 17,0% – мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті элеуметтік қамсыздандырудағы және 12,2% – көлік және жинақтаудағы бос орындар.
Өңірлер арасында бос орындар саны бойынша Алматы қаласы – 10971 бірлік, Астана қаласы – 8185 бірлік, сондай-ақ Павлодар облысы – 4778 бірлік және Атырау облысы – 4518 бірлік көшбасшы болып табылады.
Жалақы - бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:
2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;
3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;
4) Жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.
Орташа айлық атаулы жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.
Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.
Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.
Тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, қызметкерлердің саны 100 адамнан асатын, сондай-ақ «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» (индексі 2-МП) статистикалық нысан бойынша есеп беретіндерден басқа, саны 100 адамға дейін экономикалық қызметтің барлық түрлерінің заңды тұлғалары мен олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері еңбекақы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық байқаулардың объектілері болып табылады.
Орташа айлық жалақыны, жалақы қорының құрамын, жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған шығындарын мемлекеттік статистикалық байқаулар үздіксіз әдіспен жүргізіледі.
Орташа айлық жалақы туралы деректердің көзі "Еңбек бойынша есеп"(индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық, жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Осы статистикалық байқау бойынша барлық ірі, орта және шағын (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) тексеруге жатады.