|
Ағымдағы бағада, млн. теңге |
Өткен жылға, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
|---|---|---|---|---|
| нақты көлем индексі | дефлятор | |||
| Түпкілікті тұтынуға шығыстар | 61 353 378,7 | 108,4 | 110,5 | 63,2 |
| үй шаруашылықтарының | 49 638 349,7 | 109,3 | 111,0 | 51,1 |
| мемлекеттік басқару органдарының | 11 324 860,2 | 105,1 | 108,2 | 11,7 |
| жеке тауарлар мен қызмет көрсетулерге | 6 074 710,2 | 102,7 | 109,8 | 6,3 |
| ұжымдық қызмет көрсетулерге | 5 250 150,0 | 108,0 | 106,4 | 5,4 |
| үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың | 390 168,8 | 104,7 | 112,2 | 0,4 |
| Жалпы қорланым | 30 470 235,4 | 110,6 | 110,8 | 31,4 |
| негізгі капиталдың жалпы қорланымы | 25 623 150,4 | 110,8 | 109,7 | 26,4 |
| материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі | 4 847 085,0 | - | 116,7 | 5,0 |
| Таза экспорт | 5 287 766,6 | - | - | 5,4 |
| тауарлар мен қызмет көрсету экспорты | 35 156 919,3 | 100,8 | 110,9 | 36,2 |
| тауарлар мен қызмет көрсету импорты | 29 869 152,7 | 108,0 | 110,4 | 30,8 |
| Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім | 97 111 380,7 | 106,3 | 110,7 | 100,0 |
| Өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім | 99 724 898,5 | 106,3 | 110,4 | - |
| Статистикалық алшақтық* | 2 613 517,8 | - | - | - |
*Статистикалық алшақтық - бұл өндіріс әдісімен және түпкілікті пайдалану әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім арасындағы айырмашылық.
2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ЖІӨ құрылымында түпкілікті тұтыну компоненттері бойынша түпкілікті тұтынуға шығыстардың үлесі 63,2%, жалпы қорланым – 31,4%, таза экспорт – 5,4% құрады.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының 9,3%-ға және мемлекеттік басқару органдарының шығыстарының 5,1%-ға өсуі есебінен түпкілікті тұтыну шығыстарының компоненті нақты мәнде 8,4%-ға өсуі байқалады.
Негізгі капиталдың жалпы қорланымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 10,8%-ды құрады.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын Ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Түпкілікті тұтыну – жекелеген үй шаруашылықтары немесе жалпы қоғам олардың жеке немесе ұжымдық қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін толығымен пайдаланған тауарлар мен қызметтерді тұтыну.
Жалпы қорланым – негізгі капиталдың жалпы қорланымының, материалдық айналым құралдары қорлары өзгеруінің және олардың шығуын шегергендегі құндылықтарды сатып алудың жалпы құны.
Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім барлық экономикалық секторлардың түпкілікті тұтынуға, жалпы қорланымға және таза экспортқа жұмсаған шығыстардың сомасы болып табылады.