Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    109,1%
    2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚМИ) 109,1% құрады.
    Өңірлер бөлінісіндегі және салалар бойынша ҚМИ

    2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімі көлік және қоймалау (121,2%), құрылыс (114,9%), сауда (108,8%) және өнеркәсіп (107,4%) салаларында байқалады.

    Нақты көлем индексінің ең аз өсімі байланыс (103,9%) және ауыл шаруашылығы (104,4%) салаларында қалыптасты.

    2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда көптеген өңірлерде ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқыны Астана қаласында (119,4%), Түркістан облысында (114,8%), Шымкент қаласында (113,7%) және Атырау облысында (113,6%) байқалады. Теріс өсім Шығыс Қазақстан (97,8%) және Ұлытау (99,1%) облыстарында қалыптасты.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

    Қатысты басылымдарға сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 97 17
    Орындаушы:
    Ә. Б. Қабылбекова
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: a.kаbylbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс