Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    99 724 898,5 млн.
    2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өндірілген Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі (есепті деректер бойынша) 99724898,5 млн.теңгені құрады.
    6,3%
    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 6,3%-ға өсті.
    191 778,7 млн.
    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі орташа жылдық доллар бағамы бойынша есептелген ЖІӨ 191778,7 млн. АҚШ долларын құрады.
    Экономика салалары бойынша ЖІӨ

    2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын салықтар бойынша нақты өсім 8,1%, 5,3% және 5,5% құрады.

    2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өндіріс әдісімен ЖІӨ
      Ағымдағы бағаларда, млн.теңге өткен жылғы тиісті кезеңге, пайызбен Қорытындыға пайызбен
    НКИ дефлятор
    Жалпы ішкі өнім 99 724 898,5 106,3 110,4 100,0
    Тауарлар өндіру 35 855 929,3 108,1 107,3 35,9
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 3 660 499,5 104,2 102,7 3,6
    Өнеркәсіп 26 812 201,7 107,4 109,1 26,9
    Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу 12 662 618,7 109,3 103,5 12,7
    Өңдеу өнеркәсібі 12 327 320,0 106,2 114,6 12,4
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 574 587,7 102,1 115,5 1,6
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 247 675,3 93,4 115,1 0,2
    Құрылыс 5 383 228,1 114,9 102,2 5,4
    Қызметтер өндіру 56 890 323,5 105,3 112,4 57,1
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 16 663 662,5 108,5 111,5 16,7
    Көлік және жинақтау 6 209 117,9 120,8 108,0 6,2
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 806 034,4 103,0 116,7 0,9
    Ақпарат және байланыс 2 104 053,1 104,0 113,5 2,1
    Қаржы және сақтандыру қызметі 4 162 664,5 102,6 125,3 4,2
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 8 436 621,0 103,1 111,0 8,4
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 3 133 415,6 92,7 115,0 3,1
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 1 917 526,5 99,2 107,8 2,0
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 2 114 479,5 101,7 113,5 2,1
    Білім беру 5 002 229,2 102,3 114,1 5,0
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 2 679 795,7 101,6 114,9 2,7
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 811 570,2 102,2 117,4 0,8
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 2 781 400,2 100,9 106,7 2,8
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі 67 753,2 102,0 111,0 0,1
    Жалпы қосылған құн 92 746 252,8 106,4 110,4 93,0
    Өнімдерге салынатын таза салықтар 6 978 645,7 105,5 110,2 7,0

    Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 35,9% және 57,1% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 26,9% алып отыр.

    ЖІӨ нақты өсімі

    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 6,3%-ға өсті. Көлік және жинақтау (20,8%), Құрылыс (14,9%), Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу (9,3%), Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (8,5%), Өңдеу өнеркәсібі (6,2%) салалары ең көп өсімді көрсетті.

    Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға,сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі -2,5%).

    2021 жылғы II-тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.

    Жан басына шаққандағы ЖІӨ

    2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі (есепті деректер) жан басына шаққандағы ЖІӨ 9417,4 АҚШ долларын құрады.

    Динамикалық кестелер:
    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.

    Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.

    Пайдалы сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ғ.О.Төребеков
    (Департамент директорының міндеттін атқарушы)
    Тел. +7 7172 74 9175
    Орындаушы:
    З.А. Жүнісова, Д.К.Ибраева,
    Ж.З.Ботабаева
    Тел. +7 7172 74 93 02
    E-mail:
    z.shigambaeva@aspire.gov.kz
    d.ibraeva@aspire.gov.kz
    zh.botabayeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс