2025 жылғы қаңтар-маусымда ЖІӨ құрылымындағы ең жоғарғы үлесті Алматы қаласы (22,1%), Атырау облысы (12,2%) және Астана қаласы (11,1%) алды.
| Жалпы өңірлік өнім | |||||
| млн.теңге | өңірлердің ЖІӨ-дегі үлес салмағы, пайызбен | нақты көлем индексі өткен жылға тиісті кезеңге, пайызбен |
жан басына шаққандағы ЖӨӨ, мың теңге |
жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің орналасу тәртібі | |
| Қазақстан Республикасы | 61 371 821,9 | 100,0 | 106,3 | 3 010,2 | |
| Абай | 1 357 521,6 | 2,2 | 104,4 | 2 258,2 | 13 |
| Ақмола | 1 791 696,6 | 2,9 | 106,0 | 2 274,9 | 12 |
| Ақтөбе | 2 490 253,5 | 4,1 | 104,5 | 2 618,4 | 10 |
| Алматы | 2 946 232,8 | 4,8 | 106,6 | 1 877,7 | 15 |
| Атырау | 7 485 078,7 | 12,2 | 105,8 | 10 508,1 | 1 |
| Батыс Қазақстан | 2 206 170,2 | 3,6 | 106,0 | 3 169,2 | 6 |
| Жамбыл | 1 550 553,0 | 2,5 | 107,9 | 1 269,7 | 19 |
| Жетісу | 957 421,0 | 1,6 | 108,7 | 1 382,1 | 18 |
| Қарағанды | 3 660 902,4 | 6,0 | 105,9 | 3 230,3 | 5 |
| Қостанай | 2 014 299,4 | 3,3 | 107,9 | 2 442,8 | 11 |
| Қызылорда | 1 393 168,7 | 2,3 | 105,0 | 1 645,8 | 17 |
| Маңғыстау | 2 469 674,2 | 4,0 | 102,9 | 3 052,6 | 8 |
| Павлодар | 2 146 332,4 | 3,5 | 105,9 | 2 863,3 | 9 |
| Солтүстік Қазақстан | 1 054 876,9 | 1,6 | 104,9 | 2 028,2 | 14 |
| Түркістан | 2 056 328,7 | 3,4 | 109,5 | 955,5 | 20 |
| Ұлытау | 1 009 513,7 | 1,6 | 101,1 | 4 572,5 | 3 |
| Шығыс Қазақстан | 2 211 495,4 | 3,6 | 96,4 | 3 059,5 | 7 |
| Астана қаласы | 6 793 574,0 | 11,1 | 111,1 | 4 375,8 | 4 |
| Алматы қаласы | 13 539 215,3 | 22,1 | 106,5 | 5 871,4 | 2 |
| Шымкент қаласы | 2 237 513,4 | 3,6 | 108,7 | 1 766,1 | 16 |
Жан басына шаққандағы Жалпы өңірлік өнім бойынша бастапқы қатарды Атырау облысы (10508,1 мың теңге), Алматы қаласы (5871,4 мың теңге), Ұлытау облысы (4572,5 мың теңге), Астана қаласы (4375,8 мың теңге) алды, ал соңғы қатарларды Түркістан (955,5 мың теңге), Жамбыл (1269,7 мың теңге) және Жетісу (1382,1 мың теңге) облыстары алды.
ЖІӨ-нің өсуіне ең үлкен үлесті Алматы қаласы (1,32 п.т.), Астана қаласы (1,16 п.т.) және Атырау облысы (0,74 п.т.) қосты. Ең аз үлес Шығыс Қазақстан облысында (-0,13 п.т.) байқалады.
Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және нарықтық бағамен есептелетін жекелеген өңірдің резидент-өндіруші бірліктерінің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.
Жалпы қосылған құн – экономиканың жекеленген өндірушілері, салалары немесе секторлары енгізген ЖІӨ-ге қосатын үлестің көрсеткіші ретінде қызмет ететін аралық тұтыну құнын шегергендегі жалпы өнімнің құны.
Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.
Аралық тұтыну – өндіріс процесінде түрленетін немесе түгелдей тұтынылатын тауарлар мен қызметтердің құны.
Қосқан үлесі – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Өнімдерге салынатын салықтарға мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет құнына тікелей байланысты салықтар жатады.
Жалпы өңірлік өнім – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір өңірдің түпкілікті тауарлары мен қызметтерінің құнын білдіреді. ЖӨӨ өндіріс әдісімен есептеледі және экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы қосылған құнының сомасын білдіреді және таза салықтарды қамтиды. ЖӨӨ сомасы Жалпы ішкі өнімге тең болуы тиіс.