Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    30 467 333,7 млн.теңгені
    2025 жылғы қаңтар-наурыздағы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі (есепті деректер бойынша) 30467333,7 млн.теңгені құрады.
    5,6%
    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 5,6% ға өсті.
    11,9%
    Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) жоғары өсім қарқыны Астана қаласында (11,9%), Түркістан (9,1%) және Қарағанды (7,8%) облыстарында байқалды.
    Өңірлер бөлінісіндегі ЖІӨ құрылымы

    2025 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ құрылымындағы ең жоғарғы үлесті Алматы қаласы (22,8%), Астана қаласы (11,5%) және Атырау облысы (11,0%) алды.

    2025 жылғы қаңтар-наурыздағы өңірлер бөлінісіндегі жалпы ішкі өнім (ЖӨӨ)
    Жалпы өңірлік өнім
    млн.теңге өңірлердің ЖІӨ-дегі үлес салмағы, пайызбен нақты көлем индексі өткен жылға тиісті кезеңге, пайызбен жан басына шаққандағы ЖӨӨ,
    мың теңге
    жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің орналасу тәртібі
    Қазақстан Республикасы 30 467 333,7 100,0 105,6 1 500,2
    Абай 730 722,7 2,4 100,4 1 213,6 12
    Ақмола 869 527,1 2,9 106,9 1 104,4 13
    Ақтөбе 1 167 811,4 3,8 104,1 1 229,0 11
    Алматы 1 457 988,9 4,8 107,6 932,0 15
    Атырау 3 353 161,7 11,0 102,1 4 711,9 1
    Батыс Қазақстан 1 290 420,2 4,2 102,9 1 853,9 5
    Жамбыл 690 902,3 2,3 106,3 565,5 19
    Жетісу 458 825,4 1,5 107,3 661,7 18
    Қарағанды 1 900 929,8 6,2 107,8 1 676,8 6
    Қостанай 1 063 389,6 3,5 105,3 1 288,8 9
    Қызылорда 640 317,9 2,1 104,7 756,5 17
    Маңғыстау 1 025 644,0 3,4 102,4 1 270,8 10
    Павлодар 1 120 511,5 3,7 106,3 1 493,3 8
    Солтүстік Қазақстан 496 860,3 1,6 102,4 953,6 14
    Түркістан 1 053 912,6 3,5 109,1 489,2 20
    Ұлытау 512 018,9 1,7 100,7 2 315,9 3
    Шығыс Қазақстан 1 128 656,4 3,7 95,3 1 560,2 7
    Астана қаласы 3 501 070,3 11,5 111,9 2 273,5 4
    Алматы қаласы 6 956 333,0 22,8 106,5 3 025,9 2
    Шымкент қаласы 1 048 329,7 3,4 106,6 831,8 16

    2025 жылғы қаңтар-наурыздағы жан басына шаққандағы ЖІӨ 1500,2 мың теңгені құрады. Өңірлер бөлінісінде бастапқы қатарды Атырау облысы (4711,9 мың теңге), Алматы қаласы (3025,9 мың теңге), Ұлытау облысы (2315,9 мың теңге), Астана қаласы (2273,5 мың теңге) алды, ал соңғы қатарларды Түркістан (489,2 мың теңге), Жамбыл (565,5 мың теңге) және Жетісу (661,7 мың теңге) облыстары алды.

    2025 жылғы қаңтар-наурыздағы өңірлер бөлінісіндегі жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (жан басына шаққандағы ЖӨӨ)
    мың. теңге
    2025 жылғы қаңтар-наурыз

    ЖІӨ-нің өсуіне ең үлкен үлесті Алматы қаласы (1,33 п.т.), Астана қаласы (1,21 п.т.) және Қарағанды облысы (0,52 п.т.) қосты. Ең аз үлес Шығыс Қазақстан облысында (-0,20 п.т.) байқалады.

    Динамикалық кестелер:
    Глоссарий

    Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және нарықтық бағамен есептелетін жекелеген өңірдің резидент-өндіруші бірліктерінің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.

    Жалпы қосылған құн – экономиканың жекеленген өндірушілері, салалары немесе секторлары енгізген ЖІӨ-ге қосатын үлестің көрсеткіші ретінде қызмет ететін аралық тұтыну құнын шегергендегі жалпы өнімнің құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесінде түрленетін немесе түгелдей тұтынылатын тауарлар мен қызметтердің құны.

    Қосқан үлесі – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынатын салықтарға мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет құнына тікелей байланысты салықтар жатады.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Жалпы өңірлік өнім – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір өңірдің түпкілікті тауарлары мен қызметтерінің құнын білдіреді. ЖӨӨ өндіріс әдісімен есептеледі және экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы қосылған құнының сомасын білдіреді және таза салықтарды қамтиды. ЖӨӨ сомасы Жалпы ішкі өнімге тең болуы тиіс.

    Пайдалы сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 97 17
    Орындаушы:
    Ж.Қ.Сүлейменова,
    Ә.Б. Қабылбекова,
    Н.Ш. Тастан
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: zh.suleimenova@aspire.gov.kz, a.kabylbekova@aspire.gov.kz,
    n.tastan@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс