Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    30 467 333,7 млн.
    2025 жылғы қаңтар-наурыздағы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі (есепті деректер бойынша) 30467333,7 млн.теңгені құрады.
    5,6%
    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 5,6% ға өсті.
    59 720,0 млн.
    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі орташа жылдық доллар бағамы бойынша есептелген ЖІӨ 59720,0 млн. АҚШ долларын құрады.
    Экономика салалары бойынша ЖІӨ

    2025 жылы қаңтар-наурыздағы өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын салықтар бойынша нақты өсім 7,8%, 4,5% және 4% құрады.

    2025 жылғы қаңтар-наурыздағы өндіріс әдісімен ЖІӨ
      Ағымдағы бағаларда, млн.теңге Өткен жылғы тиісті кезеңге Қорытындыға пайызбен
    НКИ дефлятор
    Жалпы ішкі өнім 30 467 333,7 105,6 110,8 100,0
    Тауарларды өндіру 10 676 740,5 107,8 108,9 34,9
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 587 916,3 103,4 96,6 1,9
    Өнеркәсіп 8 617 091,7 106,7 109,3 28,2
    Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу 3 714 897,0 106,2 106,7 12,2
    Өңдеу өнеркәсібі 4 269 534,0 108,8 111,1 13,9
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 545 873,0 97,2 112,3 1,8
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 86 787,7 93,9 113,9 0,3
    Құрылыс 1 471 732,5 116,9 112,1 4,8
    Қызметтерді өндіру 17 784 886,2 104,5 112,7 58,5
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 5 035 899,3 106,3 110,3 16,6
    Көлік жәнежинақтау 1 995 174,7 121,2 106,0 6,5
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 263 001,8 102,5 110,1 0,9
    Ақпарат және байланыс 588 674,1 105,2 113,9 2,0
    Қаржы және сақтандыру қызметі 1 334 137,1 101,7 127,2 4,4
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 2 764 125,7 103,3 115,3 9,1
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 1 329 408,3 96,6 117,1 4,3
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 629 055,8 95,2 112,1 2,1
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 665 820,9 102,2 120,0 2,2
    Білім беру 1 265 889,8 102,2 110,8 4,2
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 813 964,3 102,9 109,3 2,7
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 342 831,6 102,1 121,6 1,1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 734 261,0 95,3 106,9 2,3
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі 22 641,8 100,2 109,3 0,1
    Жалпы қосылған құн 28 461 626,7 105,7 111,3 93,4
    Өнімдерге салынатын таза салықтар 2 005 707,0 104,0 105,3 6,6

    Тауарларды өндіру мен қызметтерді өндірудің 2025 жылғы қаңтар-наурыздағы ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 34,9% және 58,5% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 28,2% алып отыр.

    ЖІӨ нақты өсімі

    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 5,6%-ға өсті. Көлік және жинақтау (21,2%), Құрылыс (16,9%), Өңдеу өнеркәсібі (8,8%), Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (6,3%), Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (6,2%) салалары ең көп өсімді көрсетті.

    Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға, сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі -2,5%).

    2021 жылғы II-тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.

    Жан басына шаққандағы ЖІӨ

    2025 жылғы қаңтар-наурыздағы (есепті деректер) жан басына шаққандағы ЖІӨ 2940,6 АҚШ долларын құрады.

    Динамикалық кестелер:
    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.

    Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.

    Пайдалы сілтемелер
    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 97 17
    Орындаушы:
    З.А. Жүнісова, Д.К.Ибраева,
    Ботабаева Ж.З.
    Тел. +7 7172 74 93 02
    E-mail:
    z.shigambaeva@aspire.gov.kz
    d.ibraeva@aspire.gov.kz
    zh.botabaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші