Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    108,6%
    2025 жылғы қаңтар-мамырда 2024 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚМИ) 108,6% құрады.
    Өңірлер бөлінісіндегі және салалар бойынша ҚМИ

    2025 жылғы қаңтар-мамырда 2024 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімі көлік және қоймалау (123,1%), құрылыс (115,4%), сауда (107,8%) және өнеркәсіп (106,4%) салаларында байқалады.

    Нақты көлем индексінің ең аз өсімі байланыс (102,8%) және ауыл шаруашылығы (104%) салаларында қалыптасты.

    2025 жылғы қаңтар-мамырда 2024 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда көптеген өңірлерде ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқыны Түркістан облысында (120,4%), Астана қаласында (120%), Шымкент қаласында (117,7%) және Жамбыл облысында (116,8%) байқалады. Теріс өсім Шығыс Қазақстан облысында (95,1%) және Ұлытау облысында (96,7%) қалыптасты.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

    Қатысты басылымдарға сілтемелер
    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 97 17
    Орындаушы:
    Ә. Б. Қабылбекова
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: a.kаbylbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші