2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда ЖІӨ құрылымындағы ең жоғарғы үлесті Алматы қаласы (21,8%), Астана қаласы (11,5%) және Атырау облысы (11,2%) алды.
Жалпы өңірлік өнім | |||||
млн.теңге | өңірлердің ЖІӨ-дегі үлес салмағы, пайызбен | нақты көлем индексі, өткен жылға пайызбен |
жан басына шаққандағы ЖӨӨ, мың теңге |
жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің орналасу тәртібі | |
Қазақстан Республикасы | 134 251 904,8 | 100,0 | 104,8 | 6 659,8 | |
Абай | 3 189 590,4 | 2,4 | 104,3 | 5 270,2 | 11 |
Ақмола | 4 093 997,7 | 3,0 | 110,0 | 5 197,9 | 13 |
Ақтөбе | 4 976 390,9 | 3,7 | 106,3 | 5 269,0 | 12 |
Алматы | 5 914 783,3 | 4,4 | 109,6 | 3 826,7 | 15 |
Атырау | 15 016 571,9 | 11,2 | 93,6 | 21 227,0 | 1 |
Батыс Қазақстан | 4 747 977,4 | 3,5 | 103,4 | 6 835,3 | 7 |
Жамбыл | 3 236 800,3 | 2,4 | 104,5 | 2 647,7 | 19 |
Жетісу | 2 114 940,6 | 1,6 | 108,9 | 3 038,0 | 18 |
Қарағанды | 9 237 175,4 | 6,9 | 111,3 | 8 141,0 | 5 |
Қостанай | 4 927 641,3 | 3,7 | 106,7 | 5 952,9 | 10 |
Қызылорда | 2 984 720,8 | 2,2 | 106,2 | 3 536,3 | 17 |
Маңғыстау | 5 166 881,1 | 3,8 | 102,0 | 6 491,1 | 9 |
Павлодар | 5 150 774,7 | 3,8 | 107,9 | 6 845,1 | 6 |
Солтүстік Қазақстан | 2 653 632,3 | 2,0 | 114,2 | 5 043,7 | 14 |
Түркістан | 4 507 107,8 | 3,4 | 108,1 | 2 098,2 | 20 |
Ұлытау | 2 399 314,2 | 1,8 | 107,7 | 10 835,2 | 3 |
Шығыс Қазақстан | 4 800 701,8 | 3,6 | 104,8 | 6 617,0 | 8 |
Астана қаласы | 15 484 516,7 | 11,5 | 108,0 | 10 466,7 | 4 |
Алматы қаласы | 29 240 856,9 | 21,8 | 105,6 | 12 936,3 | 2 |
Шымкент қаласы | 4 407 529,3 | 3,3 | 107,7 | 3 557,0 | 16 |
2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда жан басына шаққандағы ЖІӨ 6659,8 мың теңгені құрады. Өңірлер бөлінісінде бастапқы қатарды Атырау облысы (21227,0 мың теңге), Алматы қаласы (12936,3 мың теңге), Ұлытау облысы (10835,2 мың теңге), Астана қаласы (10466,7 мың теңге) алды, ал соңғы қатарларды Түркістан (2098,2 мың теңге), Жамбыл (2647,7 мың теңге) және Жетісу (3038,0 мың теңге) облыстары алды.
ЖІӨ-нің өсуіне ең үлкен үлесті Алматы қаласы (1,18 п.т.), Астана қаласы (0,87 п.т.) және Қарағанды облысы (0,68 п.т.) қосты. Ең аз үлес Атырау облысында (-0,82 п.т.) байқалады.
Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және нарықтық бағамен есептелетін жекелеген өңірдің резидент-өндіруші бірліктерінің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.
Жалпы қосылған құн – экономиканың жекеленген өндірушілері, салалары немесе секторлары енгізген ЖІӨ-ге қосатын үлестің көрсеткіші ретінде қызмет ететін аралық тұтыну құнын шегергендегі жалпы өнімнің құны.
Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.
Аралық тұтыну – өндіріс процесіндетүрленетіннемесетүгелдейтұтынылатынтауарлар мен қызметтердің құны.
Қосқан үлесі – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Өнімдерге салынатын салықтарға мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет құнына тікелей байланысты салықтар жатады.
Жалпы өңірлік өнім - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір өңірдің түпкілікті тауарлары мен қызметтерінің құнын білдіреді. ЖӨӨ өндіріс әдісімен есептеледі және экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы қосылған құнының сомасын білдіреді және таза салықтарды қамтиды. ЖӨӨ сомасы Жалпы ішкі өнімге тең болуы тиіс.