2024 жылы қаңтар-желтоқсандағы өткен жылмен салыстырғанда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын салықтар бойынша нақты өсім 5,5%, 4,7% және 2,4% құрады.
Ағымдағы бағаларда, млн.теңге | Өткен жылға, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
НКИ | дефлятор | |||
Жалпы ішкі өнім | 134 251 904,8 | 104,8 | 107,3 | 100,0 |
Тауарлар өндіру | 47 946 570,6 | 105,5 | 105,0 | 35,4 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 5 268 122,3 | 113,3 | 101,8 | 3,9 |
Өнеркәсіп | 34 826 525,9 | 102,8 | 105,9 | 25,7 |
Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу | 16 131 514,9 | 99,7 | 105,3 | 12,1 |
Өңдеу өнеркәсібі | 16 367 011,8 | 105,9 | 105,3 | 11,9 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 2 016 943,6 | 104,5 | 114,2 | 1,5 |
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 311 055,6 | 99,7 | 111,5 | 0,2 |
Құрылыс | 7 851 922,4 | 113,1 | 103,3 | 5,8 |
Қызметтер өндіру | 78 018 844,0 | 104,7 | 110,7 | 58,4 |
Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 25 817 153,8 | 108,8 | 108,8 | 19,3 |
Көлік және жинақтау | 7 534 388,3 | 108,5 | 103,4 | 5,6 |
Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 1 542 658,9 | 101,7 | 116,2 | 1,2 |
Ақпарат және байланыс | 3 005 062,9 | 106,3 | 108,9 | 2,2 |
Қаржы және сақтандыру қызметі | 4 540 639,5 | 101,7 | 113,4 | 3,4 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 11 147 207,6 | 103,2 | 120,8 | 8,3 |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 3 976 494,7 | 100,7 | 94,3 | 3,1 |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 3 231 732,0 | 100,2 | 114,3 | 2,4 |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 2 630 560,3 | 102,1 | 105,5 | 2,0 |
Білім беру | 5 893 412,5 | 101,7 | 108,6 | 4,4 |
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 4 049 734,6 | 101,7 | 114,1 | 3,0 |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | 1 244 430,2 | 95,5 | 124,4 | 0,9 |
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 3 177 287,7 | 97,3 | 132,8 | 2,4 |
Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі | 228 081,0 | 104,3 | 108,7 | 0,2 |
Жалпы қосылған құн | 125 965 414,6 | 105,0 | 108,5 | 93,8 |
Өнімдерге салынатын таза салықтар | 8 286 490,2 | 102,4 | 91,6 | 6,2 |
Өнімдерге салынатын салықтар | 8 713 991,3 | 102,5 | 92,6 | 6,5 |
Өнімдерге берілген субсидиялар | 427 501,1 | 106,1 | 118,7 | 0,3 |
Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2024 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 35,4% және 58,4% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 25,7% алып отыр.
ЖІӨ өткен жылмен салыстырғанда нақты мәнде 4,8%-ға өсті. Ауыл, орман және балық шаруашылығы (13,3%), Құрылыс (13,1%), Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (8,8%), Көлік және жинақтау (8,5%), Ақпарат және байланыс (6,3%), Өңдеу өнеркәсібі (5,9%) салалары ең көп өсімді көрсетті.
Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға,сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі -2,5%).
2021 жылғы II-тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.
2024 жылғы қаңтар-желтоқсандағы (алдын ала деректер) жан басына шаққандағы ЖІӨ 14186,6 АҚШ долларын құрады.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.
Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.
Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.
Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.
Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.