«Қазақстан РеспубликасыныңСтратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ іріктемелізерттеу үшін«Үй шаруашылықтарының сапарларға жұмсаған шығыстары туралы » зерттеу сауалнамасы (Н-050 жылдық) және «Үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы жөніндегі»зерттеу сауалнамасы (Н-020 жылдық) бойынша интервьюерлер қабылданатынын хабарлайды.
Зерттеу өткізу мерзімі :2025 жылғы 10 -30қаңтар аралығында.
Лауазымдық міндеттері:
- респонденттерге тікелей (жеке) бару және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру жолымен зерттеуді жүзеге асыру;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.
Барлық сұрақтар бойынша:Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18, №123 кабинеті мекенжайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7262) 54-39-82.