Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Жамбыл облысы
Хабарландырулар
17.03.2026
Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру

«ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ, «Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі» статистикалық байқауы бойынша зерттеу жүргізу үшін интервьюерлер қабылданатынын хабарлайды:
Зерттеу өткізу мерзімі – 2026 жылғы 1 сәуірден 15 мамырға дейін.

Қойылатын талаптар: Жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талаптарды қоюсыз.

Лауазымдықміндеттері:Үй шаруашылықтарынан жеке сұрау салу арқылы статистикалық байқау жүргізу, статистикалық деректерді жинау планшетте жүзеге асырылады және аумақтық статистика органына ұсынылады, алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.

Барлық сұрақтар бойынша Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18 №208 кабинет мекенжайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: 8 (7262) 45-74-34.