23.12.2025
Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ іріктемелі зерттеу үшін «Үй шаруашылықтарының сапарларға жұмсаған шығыстары туралы» зерттеу сауалнамасы (Н-050 жылдық) және «Үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы жөніндегі» зерттеу сауалнамасы (Н-020 жылдық) бойынша интервьюерлер қабылданатынын хабарлайды. Интервьюерлердің саны: Тараз қаласы - 4, Байзақ ауданы - 1, Жамбыл ауданы - 1, Жуалы ауданы - 1, Қордай ауданы - 1, Т.Рысқұлов ауданы - 1, Мерке ауданы - 1, Мойынқұм ауданы - 1, Сарысу ауданы - 1, Талас ауданы - 1, Шу ауданы - 1.
Зерттеу өткізу мерзімі: 2026 жылғы 12 -30 қаңтар аралығында.
Лауазымдық міндеттері:
- респонденттерге тікелей (жеке) арқылы және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру және планшетке енгізу жолымен зерттеуді жүзеге асыру;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған бастапқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- бастапқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін бастапқы деректердің және жеке деректердің құпияларын сақтау.
Барлық сұрақтар бойынша: Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18, №123 кабинеті мекен жайына хабарласуға болады, анықтама телефоны: (8-7262) 54-39-82.