Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Жамбыл облысы
Хабарландырулар
20.01.2025
Құрметті респонденттер!

2025 жылдың 24 қаңтарында сағат 11-00-де, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінде, Сулейменов көшесі 18 үйдің, мәжіліс залында, респонденттерге арналған: 

  1. 2-сауда (айлық) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп», 1-ВТ (жылдық) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп», Э-коммерция (жылдық) «Электрондық коммерция туралы есеп» ішкі сауда статистикасы бойынша статистикалық нысандарды сапалы толтыру;  
  2. 2. 1–ТС (айлық) «1-ТС «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен  өзара тауарлар саудасы туралы есеп» статистикалық нысанды сапалы толтыру;
  3. 3. 1-нефть «Мұнай өндіруші, мұнай өңдеуші және мұнай өнімдерін сататын кәсіпорындардың қызметі туралы есеп» статистикалық нысанды сапалы толтыру туралы семинар-кеңес өткізіледі. 

Жоғарыда көрсетілген статистикалық нысандарды толтыруға жауапты заңды тұлғалардың бухгалтерлерін, жеке кәсіпкерлер, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен экспорт және (немесе) импортты жүзеге асыратын сондай-ақ жеке тұлғалар шақырылады!