05.01.2026
Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ Жамбыл облысы бойынша «Келушілерді зерттеу сауалнамасы» А-060 (жартыжылдық) статистикалық зерттеу жүргізу үшін Тараз қаласы бойынша 1 интервьюер (ақылы қызметтер көрсету шарттары бойынша тартылған қызметкерді) қабылдайтынын хабарлайды. Зерттеу өткізу мерзімі 2026 жылғы 19-30 қаңтар аралығы.
Лауазымдық міндеттері:
-келушілердің жеке сауалнамалары негізінде кездейсоқ іріктеу әдісімен респонденттерге сауалнама жүргізу және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына жазу;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.
Барлық сұрақтар бойынша: Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18, №123 кабинет мекен-жайына хабарласуға болады, анықтама телефоны (8-7262) 54-39-82.