Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    71 215 382,4 млн. теңге
    2026 жылғы қаңтар-маусымдағы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі (есепті деректер бойынша) 71215382,4 млн.теңгені құрады.
    4,1%
    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 4,1%-ға өсті.
    15,3%
    Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) жоғары өсім қарқыны Ұлытау (15,3%), Түркістан (13,3%) және Солтүстік Қазақстан (11,4%) облыстарында байқалды.
    Өңірлер бөлінісіндегі ЖІӨ құрылымы

    2026 жылғы қаңтар-маусымдағы ЖІӨ құрылымындағы ең жоғарғы үлесті Алматы қаласы (20,2%), Астана қаласы (12,5%) және Атырау облысы (11,7%) алды.

    2026 жылғы қаңтар-маусымдағы өңірлер бөлінісіндегі жалпы ішкі өнім (ЖӨӨ)
      Жалпы өңірлік өнім
    млн.теңге өңірлердің ЖІӨ-дегі үлес салмағы, пайызбен нақты көлем индексі өткен жылға тиісті кезеңге, пайызбен жан басына шаққандағы ЖӨӨ,
    мың теңге

    жан басына шаққандағы

    ЖӨӨ-нің орналасу тәртібі

    Қазақстан Республикасы 71 215 382,4 100,0 104,1 3 466,3  
    Абай 1 783 465,5 2,5 105,7 3 000,9 10
    Ақмола 2 191 261,8 3,1 101,0 2 769,1 13
    Ақтөбе 2 809 785,3 3,9 101,1 2 935,8 11
    Алматы 3 276 555,7 4,6 109,7 2 042,2 16
    Атырау 8 298 543,9 11,7 97,1 11 569,2 1
    Батыс Қазақстан 2 502 004,9 3,5 96,7 3 599,3 8
    Жамбыл 1 662 953,8 2,3 109,6 1 369,6 19
    Жетісу 1 093 958,8 1,5 107,9 1 594,1 18
    Қарағанды 4 340 263,0 6,1 102,1 3 838,0 6
    Қостанай 2 307 385,6 3,2 105,1 2 812,0 12
    Қызылорда 1 497 602,2 2,1 104,0 1 769,9 17
    Маңғыстау 2 888 956,8 4,1 105,1 3 513,0 9
    Павлодар 2 903 171,0 4,1 110,6 3 900,9 5
    Солтүстік Қазақстан 1 265 297,4 1,8 111,4 2 466,2 14
    Түркістан 2 353 700,9 3,3 113,3 1 096,0 20
    Ұлытау 1 221 519,1 1,8 115,3 5 589,7 3
    Шығыс Қазақстан 2 595 893,0 3,6 98,8 3 616,8 7
    Астана қаласы 8 919 589,0 12,5 105,6 5 370,2 4
    Алматы қаласы 14 419 067,4 20,2 103,1 6 107,3 2
    Шымкент қаласы 2 884 407,3 4,1 110,6 2 214,7 15

    Жан басына шаққандағы Жалпы өңірлік өнім бойынша бастапқы қатарды Атырау облысы (11569,2 мың теңге), Алматы қаласы (6107,3 мың теңге), Ұлытау облысы (5589,7 мың теңге), Астана қаласы (5370,2 мың теңге) алды, ал соңғы қатарларды Түркістан (1096 мың теңге), Жамбыл (1369,6 мың теңге) және Жетісу (1594,1 мың теңге) облыстары алды.

    2026 жылғы қаңтар-маусымдағы өңірлер бөлінісіндегі жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (жан басына шаққандағы ЖӨӨ)
    мың. теңге
    2026 жылғы қаңтар-маусым

    ЖІӨ өсіміне ең үлкен салым тиесілі өңірлер: Алматы қаласы (0,68 п.т.), Астана қаласы (0,62 п.т.) және Алматы облысы (0,47 п.т.) болды. Теріс салым Атырау (-0,35 п.т.), Батыс Қазақстан (-0,12 п.т.) және Шығыс Қазақстан (-0,04 п.т.) облыстарына тиесілі.

    Динамикалық кестелер:
    Глоссарий

    Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және нарықтық бағамен есептелетін жекелеген өңірдің резидент-өндіруші бірліктерінің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.

    Жалпы қосылған құн – экономиканың жекеленген өндірушілері, салалары немесе секторлары енгізген ЖІӨ-ге қосатын үлестің көрсеткіші ретінде қызмет ететін аралық тұтыну құнын шегергендегі жалпы өнімнің құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесінде түрленетін немесе түгелдей тұтынылатын тауарлар мен қызметтердің құны.

    Қосқан үлесі – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынатын салықтарға мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет құнына тікелей байланысты салықтар жатады.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Жалпы өңірлік өнім – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір өңірдің түпкілікті тауарлары мен қызметтерінің құнын білдіреді. ЖӨӨ өндіріс әдісімен есептеледі және экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы қосылған құнының сомасын білдіреді және таза салықтарды қамтиды. ЖӨӨ сомасы Жалпы ішкі өнімге тең болуы тиіс.

    Пайдалы сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Белоносова Н.Е.
    Тел. +7 7172 74 97 17
    Орындаушы:
    Ж.Қ.Сүлейменова,
    Ә.Б. Қабылбекова,
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: zh.suleimenova@aspire.gov.kz,
    a.kabylbekova@aspire.gov.kz.
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс