2026 жылғы қаңтар-тамызда 2025 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімі құрылыс (115,6%), көлік және қоймалау (107,3%) және сауда (106%) салаларында байқалады.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімі өнеркәсіп (102,8%), байланыс (104,4%) және ауыл шаруашылығы (105,2%) салаларында қалыптасты.
2026 жылғы қаңтар-тамызда 2025 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда көптеген өңірлерде ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқыны Түркістан облысында (121,9%), Шымкент қаласында (117,6%) және Алматы облысында (115%) байқалады. Теріс өсім қарқыны Батыс Қазақстан (93,9%), Атырау (95%), Шығыс Қазақстан (97,4%) және Ақмола (99,4%) облыстарында қалыптасты.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.