Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2026 жылғы қаңтар-маусымда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын салықтар бойынша нақты өсім 5%, 3,7% және 3,3% құрады.
Нақты мәнде құрылыс (15,2%), электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау (10,5%), сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет (9,8%), өңдеу өнеркәсібі (9,8%) және көлік және жинақтау (7%) салалары ең көп өсімді көрсетті.
| Ағымдағы бағаларда, млн.теңге | Өткен жылғы тиісті кезеңге, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
| НКИ | дефлятор | |||
| Жалпы ішкі өнім | 71 215 382,4 | 104,1 | 111,4 | 100,0 |
| Тауарлар өндіру | 25 910 201,6 | 105,0 | 112,8 | 36,4 |
| Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 1 645 890,4 | 104,3 | 116,3 | 2,3 |
| Өнеркәсіп | 20 357 369,9 | 103,2 | 113,9 | 28,6 |
| Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу | 8 931 521,5 | 95,8 | 113,0 | 12,4 |
| Өңдеу өнеркәсібі | 9 948 251,4 | 109,8 | 115,0 | 14,1 |
| Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 1 292 717,9 | 110,5 | 112,7 | 1,8 |
| Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 184 879,1 | 109,8 | 106,8 | 0,3 |
| Құрылыс | 3 906 941,3 | 115,2 | 106,0 | 5,5 |
| Қызметтер өндіру | 39 514 670,4 | 103,7 | 108,5 | 55,5 |
| Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 11 715 121,3 | 105,8 | 110,2 | 16,4 |
| Көлік және жинақтау | 4 974 608,7 | 107,0 | 111,3 | 7,0 |
| Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 641 531,5 | 102,1 | 119,7 | 0,9 |
| Ақпарат және байланыс | 1 689 875,2 | 105,9 | 117,6 | 2,3 |
| Қаржы және сақтандыру қызметі | 2 773 255,8 | 102,8 | 100,1 | 3,9 |
| Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 6 176 539,8 | 100,8 | 119,5 | 8,6 |
| Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 2 311 450,6 | 101,5 | 104,7 | 3,3 |
| Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 1 375 205,3 | 102,0 | 112,0 | 2,1 |
| Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 1 426 557,5 | 101,9 | 100,4 | 2,0 |
| Білім беру | 2 804 763,6 | 101,9 | 99,1 | 3,9 |
| Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 1 418 071,0 | 101,6 | 84,3 | 2,0 |
| Өнер, ойын-сауық және демалыс | 626 090,5 | 103,4 | 114,2 | 0,9 |
| Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 1 531 948,9 | 102,5 | 105,7 | 2,1 |
| Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі | 49 650,7 | 101,1 | 115,7 | 0,1 |
| Жалпы қосылған құн | 65 424 872,0 | 104,2 | 110,1 | 91,9 |
| Өнімдерге салынатын салықтар | 5 790 510,4 | 103,3 | 128,3 | 8,1 |
Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2026 жылғы қаңтар-маусымдағы ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 36,4% және 55,5% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 28,6% алып отыр.
ЖІӨ өсіміне ең үлкен салым тиесілі салалар: көтерме және бөлшек сауда – 0,95 пт., өнеркәсіп – 0,89 пт. және құрылыс – 0,79 пт.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.
Жалпы шығарылым – – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.
Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.
Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәнінеәсер ету шамасы.
Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.
Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.