Өндіріс және түпкілікті тұтыну әдістерімен ЖІӨ арасындағы статистикалық алшақтық 989778,5 млн.теңгені немесе ЖІӨ-нің 2,1% -ын құрады.
Ағымдағы бағада, млн. теңге | Өткен жылға, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
---|---|---|---|---|
нақты көлем индексі | дефлятор | |||
Түпкілікті тұтынуға шығыстар | 28 337 415,5 | 108,4 | 117,2 | 61,2 |
үй шаруашылықтарының | 21 412 449,7 | 109,8 | 117,8 | 46,3 |
мемлекеттік басқару органдарының | 6 402 912,2 | 104,4 | 115,1 | 13,8 |
жеке тауарлар мен қызмет көрсетулерге |
3 604 850,5 | 100,2 | 114,0 | 7,8 |
ұжымдық қызмет көрсетулерге | 2 798 061,7 | 110,5 | 116,5 | 6,0 |
үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың | 522 053,6 | 105,3 | 117,9 | 1,1 |
Жалпы қорланым | 14 083 919,7 | 133,5 | 123,9 | 30,5 |
негізгі капиталдың жалпы қорланымы | 11 282 859,7 | 128,0 | 121,8 | 24,4 |
материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі | 2 801 060,0 | - | 133,1 | 6,1 |
Таза экспорт | 3 833 557,8 | - | - | 8,3 |
тауарлар мен қызмет көрсету экспорты | 19 681 553,3 | 104,1 | 90,6 | 42,6 |
тауарлар мен қызмет көрсету импорты | 15 847 995,5 | 129,7 | 103,7 | 34,3 |
Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім | 46 254 893,0 | 105,3 | 110,2 | 100,0 |
Өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім |
47 244 671,5 | 105,3 | 112,7 | - |
Статистикалық алшақтық* | 989 778,5 | - | - | - |
2023 жылғы қаңтар-маусымдағы ЖІӨ құрылымында түпкілікті тұтынуға жұмсалған шығыстардың үлесі 59,9%, жалпы қорланым – 29,8%, таза экспорт – 8,2% құрады.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ-ге таза экспорттың үлесі айтарлықтай төмендеді (-14,6 %-ға).
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының 9,8%-ға өсуі есебінен түпкілікті тұтыну шығыстарының компоненті бойынша нақты мәнде 8,4%-ға өсу байқалады.
Жалпы қорланым өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 33,5%-ға өсуді көрсетті.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын Ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Түпкілікті тұтыну – жекелеген үй шаруашылықтары немесе жалпы қоғам олардың жеке немесе ұжымдық қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін толығымен пайдаланған тауарлар мен қызметтерді тұтыну.
Жалпы қорланым – негізгі капиталдың жалпы қорланымының, материалдық айналым құралдары қорлары өзгеруінің және олардың шығуын шегергендегі құндылықтарды сатып алудың жалпы құны.
Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім барлық экономикалық секторлардың түпкілікті тұтынуға, жалпы қорланымға және таза экспортқа жұмсаған шығыстардың сомасы болып табылады.